Актрисаға Shine тобында ән салып жүргенде осындай ұсыныстар түскен екен
Актриса Жания ЖУРИНСКАЯ тоқал болуға ұсыныстар түскені жайлы әңгімелеп берді, деп жазады Stan.kz Tengrinews порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы актриса “The Эфир” бағдарламасында айтты.
“Тоқал, ашынасы болуға ұсынғандар болды. Бірінші кездерде жылап, әбден қаным қайнаған. Екі күн бойы өз-өзіме келе алмай жүрдім. Ал Баянға бұл кезекті бір оқиға болып көрінген шығар. Сол кезде Әділжан есімді директорымыз болды, мұндай жағдайлардың кездесіп тұратынын түсіндіріп, сабырға шақырды. Бастысы өзіңді ұстай білуің. Соңында біздің тәрбие көрген қыз екенімізді бәрі білді”, – дейді ол.
Оның айтуынша, осыдан кейін кино саласына бет бұрмақ болып, кастингтерден өту үшін Баян АЛАГӨЗОВАДАН рұқсат та сұрапты. Сұхбаттың толық нұсқасы:
Фото: Tengrinews.kz.