Қаз   Рус

Тойдан тапқан ақшадан салық төлегісі келмейтін әншілер

2964 қаралды
0
Ратель
Пятница, 03 Ноя 2017, 09:15

Елімізде әлі де жеке табысын жасыруды жөн көретін жұлдыздар жетеді

Читайте также
Кто из артистов не платит налоги с тоев

Қаржы министрлігінің өкілі салық төлеуден жалтарып жүрген әншілердің есімін атады, деп хабарлайды «Еуразия» арнасы.

«Сіз мысалы 200-300 мың айлық аласыз, одан 30 мың теңге табыс салығын төлейсіз. Ал, бір тойда 300-400 мың теңге кем дегенде алып кететін әншілер, бір тиын да салық төлемейді Қазіргі уақытта бізде шоу-бизнеспен айналысатын 1725 заңды тұлға тіркелген. Олардың жұмысшыларының саны 2963 адам. Сонда жалпы алғанда 4688 адам жұмыспен қамтылып, қызмет атқаруда. Өткен жылға осы тұлғалар 59 млн табыс салығын, 46  миллиондай әлеуметтік салық төлеген», – деді ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Олжас ОТАР.

Оның айтуынша, қазір әншілердің арасында салық төлеу мәдениеті қалыптасып келеді. Тіпті, арнайы рейтинг те бар екен. Мұнда да табыс табудан да, тапсырыс алудан да, ешкімге дес бермейтін Қайрат НҰРТАС көш бастап тұр. Былтыр 1 млн. теңгеден астам салық төлепті. Екінші орын Джах ХАЛИБТІҢ еншісінде (1 млн. теңге). Ешқандай кірісін жасырмайтын жұлдыздардың тізімін Айқын ТӨЛЕПБЕРГЕН мен Сәкен МАЙГАЗИЕВ түйіндейді.

Алайда шоу-бизнес өкілдерінің барлығы заңға бағынуға дайын тұрған жоқ.

Читайте также
Жадыра Нармаханова: Быть сильными в науке казахам мешают тои

Мәселен әнші Алтынбек ТӘШІМБЕТОВ күміскөмейлерге салық салуды әділетсіздік деп санайды; «Біз мемлекеттен ешбір көмек көріп отырғанымыз жоқ. Мен әнші ретінде мысалы өзімді таныту үшін қалтамнан қаражат шығарып, солай тыраштанып жүрмін.

Өзбекстанда мысалы, әндерің радиодан мен теледидардан тегін беріледі. Ал бізде жағдай жасамай тұрып, салық төле дейді». Әріптесін әнші Ділхан ИСАЕВ қолдап отыр. Оның айтуынша, мемлекет әншілердің табысын емес, әуелі шығысын есептеу керек.

Ал әншілер табысына келсек, шынында да, салық төлейтін жөні бар сияқты, олардың бір тойдан тапқан ақшасы шамамен мынадай:

Қайрат Нұртас – 7000 доллар
Төреғали ТӨРЕҒАЛИ – 4000-6000 доллар
Музарт – 4000-7000
Қыдырәлі-Қарақат – 6000 доллар
Мақпал ЖҮНІСОВА – 4000
Айқын - 2000-4000
Абай Бегей, Заттыбек – 3000 доллар.

Бүркіт пен Аиша жылына 1 млн долларға дейін табатын көрінеді.

Ал заң бойынша жылдық табысың 284 мың теңгеден асса салық төлеуге міндеттісіз.

Дереккөз: «Еуразия».

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.