Әнші Нұрболат Абдуллин кезінде мағыналы әндер жаздырып, таныла алмағанын айтады
Соңғы кездері ел аузынан түспей жүрген Нұрболат АБДУЛЛИН бір кездері тек шығармашылық үшін жұмыс істеген. Мағыналы әндер жаздырып, халыққа ұсынған. Алайда онысын тыңдармандар бағаламаған көрінеді.
Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.
“Той бизнес деген – кәдімгі айлық алатын жұмыс. Бізде шоу-бизнестен қарағанда той-бизнес қатты дамыған”, – дейді Нұрболат ағынан жарылып.
Бұл ретте Нұрболат кезінде мағыналы әндер жаздырып, таныла алмағанын ашық айтты. Айтуынша, той әндерін шығара бастаған соң, халықтың оған деген сұранысы артқан.
“Ақшаға құнығып кеткен ештеңем жоқ. Шығармашылығымды шыңдайын деп басында мен де жазып көрдім. Біршама, он шақты ән жаздым. “Екі жиреннен” бастап, дауыс диапазонын көрсететін бірнеше әнімді халыққа ұсындым. Бірақ сұранысқа ие болмадым. Ал ел билейтін көңілді, тойда айтатын ән жазғаным сол еді, сұраныс пайда болды”, – дейді Нұрболат.
Дереккөз: Stan.kz
Фото: chesnok.kz