Қаз   Рус

Төңкерістің басы бар да, аяғы жоқ

3181 қаралды
0
Досым САТПАЕВ
Пятница, 10 Ноя 2017, 15:30

Революция заманның өзгергеніне қарамастан үнемі қайталанып тұратын құбылыс

Раушан және түрлі-түсті төңкерістер

КСРО-ның ыдырар алдында және қызылдар империясы құлағаннан кейін Шығыс еуропа елдерінде, әуелі Моңғолияда да «раушан төңкерісі» болып, билік біршама бейбіт жолмен ауысты. 2000 жылдардың басында посткеңестік елдер: Грузия, Қырғыз Республикасы, Украинада «түрлі-түсті» төңкерістер болды.

 

Читайте также
Алфавиттің «А» тұрады басында, үтірі бар «А» тұрады қасында

Сол кезде тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға топ ете түсеміз деген 90 жылғы сенімдер сөнген-ді. Өйткені, бұл төңкерістерден кейін біз атап өткен елдердің барлығында соны өзгерістер бола қойған жоқ. Әзірге тек Грузияның саяси даму моделі сәтті. Алайда, Грузиядағы «раушан төңкерісі» мен Украинадағы екінші майданнан кейін бұл қос мемлекет өз территорияларынан айрылып қалды.

Сондықтан да биліктің түрлі ауысу жолдары адамды бір уақыт ойлантып тастайды.  

Бүгінгі күні 2005-2010 жылдары екі бірдей төңкеріс жасаған Қырғызстанда саяси даму байқалады. 2011-2017 жылдары көршілес ел Орталық Азияда шынайы бәсеке бар, президенттік сайлауды тұңғыш болып өткізді. Соның нәтижесінде мүлдем бөлек саясаткерлердің шоғыры қалыптасты.

Қазір сіз бен біз қырғыз-қазақ арасындағы экономикалық және саяси жанжалды ғана көріп отырғанымыз жоқ.  Түрлі саяси ұстанымның тартысын да аңғаруға болады.

Қызығы, кезінде бәріміз де «советтердің шекпенінен» шықтық. Арада 26-жыл өткенде  бір-бірімізге ұқсамаймыз. Кейбірі демократиялық жүйені таңдаса, енді бірі авторитарлық жолға түсті.  Ал Ресей сияқты мемлекет советтік саяси идеологиядан ажырай алмай қалды.

От пен жалын

Читайте также
Қылқаламнан төгілген ашаршылық қасіреті

Адамзат тарихында көпшілікті жұмылдыратын үш идея бар. Әлеуметтік теңдік, ұлтты құтқару және дін. Көп жағдайда бұл үш идея өзара үйлесім тауып жатады. Көптеген революцияларда осы үш идея ұранға да айналады. 

В.И. ЛЕНИННІҢ барлық революциялық жағдайдан төңкеріс бола бермейді деген сөзі бар. Кез-келген революцияға әлеуметтік шиеленіс, экономикалық һәм саяси дағдарыстан өзге де түрлі факторлар түрткі болады.

Айтпақшы, «Әлемді дүр сілкіндірген он күн» кітабының авторы Джон РИД  1917 жылғы «Қазан төңкерісін» адам баласы «таңғаларлық авантюраға» теңеген. Өйткені, бұл төңкерістің басында тұрғандар монархия құлағанда биліктен сырт қалды. Ұзақ жылдар бойы большевиктердің саяси ұйымына тыйым салынып келді. Тіпті, олардың қолдаушылары да аз болатын. 1917 жылы Социалист-революционер партиясының (эсерлер) қатарында миллионға жуық адам болған. Конституциялық-демократиялық (кадеттер) партия құрамында 50 мың мүшесі бар еді. 1917 жылдың ақпанында коммунистердің саны бар-жоғы  24 мың болатын.

Бұл келтіріп отырған мәліметтер мәселені тек адам саны шешпейтінін көрсетеді.Күш көптің қолында бола бермейді  деген сөз. Бүгінгі күні салтанат құрған саяси режим  өткеннен сабақ алуға тиіс. Кейбір пропрезиденттік партиялар мүшелерінің көптігімен масаттанады. Қолымдағы билігім уысымнан шыға қоймас деп сеніммен жүреді.

Болашағының бұлыңғыр екеніне көзі жетіп, қорқа бастаған белсенді аз топ көпшілікті соңынан ертіп кете алады. Әрине, оған қоғамдағы басқа жағдаяттар да әсер етеді. 1917 жылы халық бірінші дүниежүзілік соғыстан шаршаған еді. Совет одағы да ыдырардың алдында мұнай бағасының құлдырауынан экономикалық дағдарысқа түсіп, қара алтынның арзандауына АҚШ пен Сауд Арабиясын кінәлаған. 

Үміттер де үзіледі

Читайте также
Таза қазақша сөйлейтіндер кедей болып келеді

Барлық революциялар өз мақсатына жете бермейді. 100 жыл бұрын болған Ақпан және Қазан төңкерісін есіңізге алыңыз. Төңкерістен кейінгі оңды өзгерістердің болмауынан тағы да революция болады. Билік үшін кескілескен  ақ пен қызылдардың соғысында қоғам екіге жарылды. Сосын жеңіске жеткен қызылдар арасындағы өзара қырқысу – саяси репрессиялар қаншама адамдардың өмірін қиды. «Алаш» партиясын құрған қазақ зиялылары да сол қан-қасаптан аман қалмады.

Бұл жерде сталиндік режим «революцияның шекпенін жамылған контрреволюциялық режим» болды деген солшыл социолог, публицист Александр ТАРАСОВТЫҢ көзқарасы қызық.

Төңкерістен кейінгі түңіліс бүгінгі күні де болып жатыр. Кей жағдайда билікті төңкеріп тастау оңай болғанымен, жұмыс жасайтын саяси жүйені құру тіптен қиын. Оған дәлел 2011 жылы болған Араб мағрипатындағы төңкерістер толқыны. Ливияда аласапран орнап, мемлекет биліксіз қалды. Тунисте исламистік партия мен зайырлы жолды таңдаушылар бір пәтуаға келіп, салыстырмалы түрде  демократиялық басқару формасы пайда болды.   

«Араб көктемі» жаңа, қызық трендті көрсетті. Әлеуметтік жағдайына көңілі толатын, білімді жастар ескірген саяси жүйені өзгертуде қозғаушы күшке айналған-ды.

Тығырықтан шығар жол

Кейбір саяси жүйелерді құтқару мүмкін емес. Өлім алды жанталасын сәл ұзартуға болар. Оңтайлы реформалар арқылы даму жолына түсіруге болатын да саяси жүйлер де бар. Кейбір сарапшылар реформаны қоғамды демократияландырудан емес, режимнің өзінен бастау керек деген пікір айтады.   

Читайте также
Құл-Мұхаммедтің миллиондары

Саяси ғылымда оны «абдикация» деп атайды. Яғни, реформа жоғарыдан басталады. Оның мақсаты партия, парламент, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары арқылы мықты бәсекелестікті орнату. Қысқасы, революция көп жағдайда билік пен халық арасы ажырағанда болады. Николай БЕРДЯЕВТА мынандай жақсы ой бар:  «Революцияда бұрын жасаған күнәлар өтеледі. Билік өз міндетін орындамағанда төңкеріс болады».

Ұзақ уақыт бір орында отыра берген, нақты жұмыстармен айналыспайтын  билікте алауыздық пайда болады.Саяси элита арасында тартыстар жүріп, жемқорлық күшейе түседі. Кезінде дәл осындай сценариймен патшалық режим де, Совет одағы да биліктен айрылған.  

Қазан төңкерісінен кейін бірер жылдың ішінде «эсерлер», «кадеттер» басқа да саяси ұйымдар саясат сахнасынан жойылды. 18-миллион мүшесі бар Коммунистік партия да уақыт өте КСРО құрамында болған біраз ел де жабылып қалды. Өйткені, көпшілік партияға карьералық лифт ретінде ғана қарады. Партия белсенділері  өздері үнемі айтатын  «жарқын болашаққа» сенбейтін болды. Ал қоғамда екіұштылық пен «асханадағы демократия» дамып жатты.

Қазір де осы көріністерді көруге болады.Билікке мемлекетшіл азаматтар емес, мансапқорлар, табанының бүрі жоқтар жабысып, тырмысып ұмтылып жатыр. Олар егемен еліміздің саяси жүйесін қалыптастырады деу қиын.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.