Айсәуле Бақытбек үйлену тойын қалай өткізетіні туралы айтып берді
Баян АЛАГӨЗОВАНЫҢ үлкен қызы Айсәуле БАҚЫТБЕК Instagram парақшасында жігітімен бірге түскен суретін салып, екеуінің болашағы туралы жоспарымен бөлісті.
«2015 жылғы сурет. Сен маған үйлену туралы ұсыныс жасағандай болдың, бірақ мен күліп қоя бердім. Неге? Өйткені, менің ол кезде күйеуге шығу туралы ойым болған жоқ. Ол кезде екеуіміз жәй ғана бақытты жұп ретінде бірге уақыт өткізіп жүрдік, ешқандай жоспар құрмадық», - деп жазды ол.
Айсәуле үйлену тойы болса, оны өз қаражаттарына жасайтынын айтты.
«Туысқандар үйлену тойды күтсе, біз несиеге кірмеу үшін ақша жинай бастадық. Барлығын өзіміз көтереміз, тойымызға "50 Cent " тобын шақырамыз. Кеше де, ертең де бүгін де - мен сені өмірімнен артық сүйемін. Жаратқанға сені кездестіргенім үшін алғысым шексіз, Әлішер», - деп аяқтайды ол жазбасын.
Фото: Pandaland.kz.