Ақтөбе тұрғыны Валентин күніне арналған хаттарды жою акциясын өткізді
Ол Қазақстанда Әулие Валентин күні деген мереке жоқ, сондықтан бұл күнге арналған құттықтаулар мен сыйлықтарды таратуға болмайды деп наразылығын білдірген. 14 ақпан күніне арналған "валентинкаларды" көптеп сатып алып, оларды қайшымен қиған сәтін видеоға түсірген. Бұл видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен.
«Менімен тағы бір адам осы ашық хаттарды сатып алды. Менің мақтанғаным емес. Біз тек оларды ешкім таратпасын деген оймен сатып алдық. Жастар жаман әдет алып кетпесін деген оймен жүзеге асырдық»,- дейді Ақтөбелік жігіт жергілікті "Диапазон" порталы жариялаған видеожазбада.
Оның ойынша, бұл мереке біздің салтымызға жат. «Осыған 20-50 теңгелеріңді құртқанша, онда сол ақшаны қайырымдылық қорапшасына салыңдар немесе мешітке апарып беріңдер», - дейді жігіт.
Айта кетейік, қоғамда бүл күнге наразылық білдірушілер аз емес.
Фото: vk.com.