Қаз   Рус

Соққыға жығылған мұғалімнің мәселесі кәсіподақтың назарында

854 қаралды
0
Меруерт ХУСАИНОВА
Четверг, 01 Фев 2018, 11:00

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғала ма?

Қаңтардың 17-сі күні Алматы облысы, Боралдай кентіндегі №15 мектептің мұғалімі Гүлзира БАЙДІЛДАЕВАНЫ оқушысының шешесі мен әпкесі соққыға жығып, соның салдарынан мұғалім ауруханаға түскен болатын. Осы оқиға бойынша жергілікті құзырлы орган өкілдері Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша іс қозғалды деп мәлімдеді.

Оқи отырыңыз
Қазақстанда дәрігерді қателігі үшін жауапқа тартпау ұсынылды

Алайда қазақстандық ұстаздар қауымы мен азаматтық қоғам өкілдері оқушысының анасынан аяусыз соққы алған мұғалімге қатысты әкімшілік іс емес, қылмыстық іс қозғалуға тиіс деп тиісті мекемелерге ресми хат жолдады.

ҚР Бас прокуратурасының, Білім және ғылым министрінің, Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының атына жолданған бұл хатта азаматтар соққыға жығылған мұғалімді қорғауға және осы істі назарға алуды сұрады және «Елімізде осы кезге дейін мұғалімді қорғайтын арнайы заң жоқ. Мұғалімдер  ата-анамен оқушының алдында дәрменсіз күйде қала береді» деп, тиісті мекеме өкілдерінен ұстаздардың құқығын қорғайтын арнайы заң шығаруды да талап еткен болатын. 

Ұстаздар қауымы мен азаматтық қоғам белсенділерінің бұл хатына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Facebook парақшасында жауап берді.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті К. Әзірбаев атындағы №15 орта мектебінің мұғалімі Г. Байділдаеваның оқушысы Н.П. Митрошенконың анасы мен әпкесі тарапынан соққыға жыққаны туралы оқиғаны өз назарында ұстап отыр.Туындаған мәселеге байланысты салалық кәсіподақтың Алматы облыстық ұйымының төрағасы А. Омашевқа арнайы тапсырма берілді. Істі жүргізіп отырған құзіретті орган қызметкерлерімен жергілікті кәсіподақ ұйымы байланыста болып, істің сәйкесінше тиісті деңгейде жүргізідуін жіті қадағалауда. Сала кәсіподақ ұйымы зардап шегушінің ем-домына 50 000 теңге көлемінде қаржылай көмек және еңбекке жарамсыз парақшасының төлемін жалақының толық мөлшерінде берілетін болады. Өйткені зардап шегуші жарақатты жұмыс уақыты кезінде және зардап шегушінің кабинетінде алған», делінген жауап хатта.

Алайда кәсіподақ өкілдері мұғалімнің соққыға жығылуына байланысты қылмыстық іс қозғалсын деген азаматтардың талабына қатысты өз жауаптарында ештеңе айтпаған.

Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасы және мен  Білім министрі Ерлан САҒАДИЕВ  осы оқиға орай ұстаздар мен белсенді азаматтардың хаттарына бүгінге дейін ресми түсініктеме берген жоқ.

Фото: Facebook.com.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."