Қаз   Рус

Павлодарлық шенеуніктің әйелі Еуропада қалай демалды-2

2155 қаралды
0
Джамиля МАРИЧЕВА
Понедельник, 12 Фев 2018, 09:00

Облыс әкімі Болат Бақауовтың пікірінше, шенеуніктің әйелі шетелде демалса, ол оның жеке басының ісі

Павлодар облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының төрағасы Марат АЙДАШЕВ жұбайының Рим және Париж қалаларына демалысқа бармағаны жайлы Ratel.kz тілшісіне жалған ақпарат берді. Тексеріс нәтижесі бойынша, шетелге әйелдің шыққаны расталды.

Оқи отырыңыз
Павлодарлық шенеуніктің әйелі Еуропада қалай демалды

Бұған қарамастан, Павлодар облысының әкімі Болат БАҚАУОВ Айдашевты «лайықты басшы» деп атап, мақтау сөздерінде ешқандай әзіл-қалжыңның жоқтығын айтты.

Расталған ақпарат бойынша, Марат Айдашевтың жұбайы, Әсел Айдашева ешқандай бизнеспен айналыспайды. Бір айдағы жалақысы 172 мың тенге құрайды. Алайда, ол өзінің Instagram парақшасына Италия мен Франция елдеріне жасаған саяхаты кезінде түскен фотосуреттерін салып отырған.

Айта кетейік, оның күйеуі жылдық бюджеті 4,3 миллиард теңге құрайтын басқарманың басшысы болып табылады. Олай болса, Әсел Айдашева өзінің шетелдік сапарларына қаражатты қайдан алды?

Бұл сұраққа Марат Айдашев былай деп жауап берді:

- Менің жұбайым Римге, Парижге барған емес....мүмкін әлеуметтік желідегі фотосуреттер фейк шығар, ондайын білмеймін. Қазір барлығы өзінің өмірін Instagram-да әдемі көрсеткісі келеді ғой, - дейді ол.

Оған қоса, Айдашев Ratel.kz-тің сұранысына берген жауабында тура осылай жауап қайтарып, оған мөрі басылған құжатты салып жіберді.

Оқи отырыңыз
Павлодарда мемлекеттік мекеме қызметкері адамды әдейі қаққан

 Ratel.kz сараптамалық қызметі Google іздеу жүйесі арқылы аталған фотосуреттердің қай жерлерде жасалғанын анықтады.

Әсел Айдашева шынымен де Римдегі «Испандық баспалдақтар» деп аталатын әйгілі туристік жерде суретке түсіп, Париждегі Каррузель алаңын жүгіріп өткен екен.

Бұл деректі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Әділбек МҰҚАШЕВ растады.

Менің ойымша, біз мемлекеттік қызметкерлердің туысқандарын аңдып, олардың бәрін жауапкершілікке тарта алмаймыз, - деді ол.

- Онда әйелі шынымен шетелде болса, Айдашев мырза не үшін өтірік айтты?

Шынымен де, бұл жайт расталды. Бірақ, туристік жолдама оның өз қаражатына алынған. Айдашевтің жылдық жалақысы (бүкіл сыйақыларын қосқанда) 3,2 миллион теңге құрайды. Бұл қаражат белгілі бір туристік жолшығыстарды өтеуге жеткілікті. 5 ақпан күні жасалған ревизиялық кеңестің есептемесі бойынша, ешқандай бюджеттік қаражатты ұрлау фактісі тіркелмеген.

- Онда неге өтірікке жол берілді?

- Мүмкін, Айдашев мырзада өзін-өзі сақтау түйсігі оянып кеткен шығар. Бірақ, қалай десек те, ол бүкіл сапарлардың заңды түрде болғанын бірден айтты, - деп Әділбек Мұқашев пікірін айтты.

Ең қызығы, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов та Айдашев мырзаны қорғап сөз сөйледі.

- Менде Айдашевқа ешқандай сұрағым жоқ. Ол лайықты басшы. Оның отбасының шетелдік демалыстары - оның жеке мәселесі, - деп жауап берді әкім.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.