Мемлекеттік қызметтегі әйел әлеуметтік желіде бейәдеп пікір қалдырған
Павлодар облысында шенеуніктердің әлеуметтік желіде өз-өздерін ұстауы мен мемлекеттік қызметтің беделі бақылауда. Алайда, шенділерге қатысты компроматтар шығып қалады.
- Көңіл көтеру жерлерінде ішімдік пен қымбат авто көліктермен түскен. Және шетелдердегі демалыста, қымбат әшекейлерін көрсеткен фотолар жарияланды, - деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті.
Осындай фотолардың екі жүзін елу тоғыз мемлекеттік қызметкер жариялаған.
Сондай-ақ, Инвестиция және даму министрлігі Техникалық реттей және метерология комитетің бас сарапшысының бейәдептілігі анықталып, жазаланды.
Мемлекеттік қызметтегі әйел ВKонтакте әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында орыс тілінде былай деп мәдениетсіздеу пікір қалдырған.
«Оптимист – это не тот, кто первый кричит: «УРА!», а тот, кто последний говорит – ПИ...ЕЦ».
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Әділбек МҰҚАШЕВТЫҢ айтуынша, ол әйел бір заңға қатысты осындай пікір жазған.
Фото: tengrinews.kz.