Қаз   Рус

МС Сайлаубек еңген тест оқулығы мектеп бағдарламасында жоқ

1133 қаралды
0
Ратель
Вторник, 20 Фев 2018, 10:30

Шу тудырған оқулықтың авторы көпшіліктен кешірім сұрады

Назарбаев зияткерлік мектептеріне түсушілерге арналған тест тапсырмалары жинағының авторы Серікболсын ДҮЙСЕМБАЙ Facebook әлеуметтік желісінде көпшіліктен кешірім сұрады.

8-сынып оқушыларына арналған оқулықта МС Сайлаубек жайлы сұрақ бар. Кітаптың 75-бетінде  ақтөбелік МС Сайлаубек туралы қысқаша мәлімет беріліп, төмендегідей сауал қойылған.

МС Сайлаубектің жұлдыз болуына не әсер етті?

A. Білікті ұстаздан дәріс алуы

B. Бішкек арналарында сұхбат беруі

C. Ресейде концертте ән шырқауы

D. Түрлі деңгейдегі арналарға түсу үшін

Бұл оқулық туралы ақпаратты кеше Facebook.com әлеуметтік желісінде Айдын ЖАНАТ есімді азамат таратқан еді. Желі қолданушылары оқулықты сынға алған-ды.

-Талай 100 мың данамен шығып жүрген, ішінде қаншама қателіктер өріп жүрген оқулықтарды да көзіміз көріп жүр. Ал біздің ресми емес, тек емтиханға дайындыққа арналған Қазақ тілінен бар-жоғы 100 дана тесттер жинағының ішіндегі 5-6 жолымыз қаншама балағат, ғайбат сөздерге алып келді. Бірақ, бұл жолдар келесі басылымда ауыстырылып, түзетіліп үлгерген еді. Және бұл тест жинағы ешқандай ресми бекітілмеген, мектеп бағдарламасына енбеген.

Мен бұны ақталу үшін де, мақтану үшін де жазып отырған жоқпын. Тек біздің қоғамның кейбір “белсенділері” мәселенің мән-жайына барып алмай, тек алып-қашпа әңгімеге еріп, жерден жеті қоян тапқандай жарыса бөлісе кететінінен Әлем көшіне ілесудің ауылы алыс па деп қалдым.Титтей “қателігі” үшін Өз ұлын өзегінен тепкендей көрінген елге енді оралғың да келмей қалады екен.Елден кешірім сұрадым. Ел үшін "Құрбан болуға дайынмын". Оған рухым жетеді, - деп жазды Серікболсын Дүйсебай өз парақшасында.

Фото: qamshy.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.