Алматыда парамен ұсталған Әуезов театр директорының сот процессі басталды
Алматыда парамен ұсталған театр директорының соты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басты сот талқылауы Алмалы аудандық сотында 15:00-де басталды. Сот алдында М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының экс-директоры Ерлан БІЛӘЛ жауап беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан. Ерлан Біләлге қатысты ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігімен, 24-бабының 3-бөлігімен айып тағылып отыр.
Айта кету керек, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының экс-директоры Ерлан Біләл театр ғимаратында 900 мың теңгемен ұсталған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті кінәсін мойнына алғандықтан, кепілмен босатылған болатын. Кейінірек сот санкциясымен Ерлан Біләл 1 млн 205 мың теңге көлемінде кепіл сомасын төледі.
Фото: inform.kz.