Қаз   Рус

Ерлан Біләл алған парасын қайда жұмсады

217 қаралды
0
Ратель
Четверг, 25 Янв 2018, 18:15

Алматыда М.Әуезов атындағы театрының экс-директоры ісі бойынша сот өтіп жатыр

Алмалы аудандық сотында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының экс-директоры Ерлан БІЛӘЛДІҢ ісі бойынша сот талқылауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқи отырыңыз
Бұл спектакль емес!

Сот барысында Ерлан Біләлдің қорғаушысы істі журналистердің қатысуынсыз талқылауға өтініш білдірді. Судья тараптарды тыңдай келе журналистерге бейнекамера мен суретке түсіруге тыйым салды. Бірақ, БАҚ өкілдері сот отырысына қатысып, аудиожазба жүргізе алады. Сот отырысында белгілі актерлар Болат Әбділманов, Асанәлі ӘШІМОВТЕР болды.

Іс материалдарына сәйкес, Ерлан Біләл «Сезам» қайырымдылық шығармашылық қорының басшысы Қайрат БАЯНОВТАН 1,5 млн теңге көлемінде пара алмақ болған. Бұл қаржыға театр ғимаратында балаларға арналған қойылым өтуі тиіс болатын.

«Күдікті тергеу кезінде өз кінәсін толық мойындады. Оның кінәсі іс материалдарымен дәлелденді», - деді мемлекеттік айыптаушы.

Бүгін Ерлан Біләл өзінің әрекетіне қатысты түсініктеме берді.

«Сыйақы туралы келістік, 2 қаңтарда кездестік. Ол маған 600 мың теңге, 4 қаңтарда 900 мың теңге берді. Сол кезде мен ұсталдым. Өз кінәмді толық мойындаймын. Бас кезінде Баянов маған өзі келіп сөйлесіп жүретін. Бізде жылда балаларға арналған қойылымдар, шыршалар өтеді. Ол өзі маған алғыс білдіру үшін келді. 600 мыңды қайда жібергенім есімде жоқ. Қарыздарымды тараттым. Маған ешкім қысым жасаған жоқ, мен кінәмді өз еркіммен мойындап отырмын», - деді Ерлан Біләл.

«Сезам» қайырымдылық шығармашылық қорының басшысы Қайрат Баянов сотта куәгер ретінде жауап береді.

Айта кету керек, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының экс-директоры Ерлан Біләл театр ғимаратында 900 мың теңгемен ұсталған болатын. Алматы қаласының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің хабарлауынша, күдікті кінәсін мойнына алғандықтан, кепілмен босатылған болатын. Кейінірек сот санкциясы негізінде күдікті 1 млн 205 мың теңге көлемінде кепіл сомасын төледі.

Ерлан Біләлге ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімі, 24-бабының 3-бөлімі бойынша айып тағылып отыр.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."