Қаз   Рус

Қарағанды бас сәулетшісінің үстеліне «байқамай» ақша тастап кетіпті

820 қаралды
0
Сергей ПЕРХАЛЬСКИЙ
Среда, 14 Фев 2018, 14:30

Сабыржан Дәуітбергеновтың қызметтік кабинетіне жасырын камера қойылып, ол жердегі әңгімелер таспаланған

Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық сотында «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрыңғы басшысы Сабыржан ДӘУІТБЕРГЕНОВКЕ сот үкімі шықты.

Естеріңізге сала кетейік, шенеунік былтырғы жылдың 14-ші шілдесінде жұмыс кабинетінде пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Сол кезде тараған ақпаратқа сүйенсек, мемлекеттік қызметкердің кабинетінде жасырын болып, оның қылмыстық әрекеттері таспаланған еді.  

Дәуітбергеновтың ұсталуы біраз жұртты әбігерге салды. Себебі оның «қызметіне» жүгінгендер мен делдалдар қатары аз емес-ті. Сондықтан да камера жайлы әңгіме бас сәулетшіні жағалағандарды алаңдатып тастаған. Қылмыстық істе дәйек ретінде флэш-карттардың көп болғанын ескерсек шенеуніктің жұмыс бөлмесінде жасырын камерының болғанына шәк келтірмеуге болады.  

Жасырын камераның объектісіне пара алу фактісі ең алғаш 2017 жылдың 29 мамыр күні түсіп қалған. Сағат 10.30 шамасында Қарағанды қалалық «Жер қатынастары, сәулет және қала құрлысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №407 кабинетіне шенеунікке «Eurasia Building» ЖШС  жұмыс жасайтын МҰҚАШЕВ атты  ескі танысы келеді. Ол «Орбита-1» шағынауданында салынған нысанды тезірек эксплуатацияға өткізу мәселесін қарауда оң қабақ танытуды сұрады. Әрине, аздаған сыйақы боларын да айтқан. Мұқашев ұсынысы қабылданады. Арада бір сағат өткеннен кейін Мұқаев бас сәулетшінің қолына 50 мың теңге беріп кетеді.

2017 жылдың 9-шілдесінде сағат 11.00-де Дәуітбергеновтың есігін СМАЙЛОВА есімді танысы қағады. Ол бір кәсіпкер атынан «елші» болып келгендігін айтып, Сейфуллин даңғылындағы сауда павильонындағы жердің арендасын ұзарту туралы арызға оңды шешімді сұрайды. Қарағанды қаласының бас сәулетші «өтінішті» жерге тастамайды. Сол күні сағат 16.00-де өз жұмыс кабинетінде Смайловадан 10 мың теңге алады. Және Смайлова тағы бір өтінішін айтады. 2017 жыл 9-шілде күні жазылған «Күнгеу» шағын ауданындағы нысанаға қатысты арызын оң көзбен қарауды өтінеді. Көңілшек шенеунік бұл сөзді де жерге тастамай 20 мың теңгеге ие болады.

2017 жылдың 30 маусымында 12.30 шамасында Қарағандының бас сәулетшісіне КӨКІМБАЕВ есімді азамат келіп, жер телімін көбейтіп беру туралы бұйымтайын айтады. Көкімбаев бұйымтай құнын 100 мың теңгеге бағалайды. 2017 жылдың 14 шілдесінде Сабыржан дәуітбергенов Көкімбаевтан 80 теңге пара алады. Осыдан кейін шенеуніктің бөлмесінде антикоррупциялық ведомствоның өкілдері тінту жұмыстарын жүргізеді.

Алайда, айыпталушы сотта  тергеу кезінде берген кәулік еткен сөздерінен,мойындаған істерінен бас тартып, ешқандайда ешкімнен ақша алмағанын айтып отырып алды.       

Айтуынша, бұл қылмыстық іс тапсырыспен қозғалған.Тергеу кезінде өзіне қысым жасалғанын да айтты. Дәуітбергенов Мұқашевтан пара емес қарызға 50 мың теңге алғанын айтса, Мұқашев та тергеушілердің қыспаққа алғанын айтып тұрып алды. Куәгер Смайлова Дәуітбергеновке ешқандай да ақша берейін деп жүрмегендігін мәлімдеді.Бар-жоғы жас мамандардың құжатты қатесіз толтырмауын қадағалағаны үшін иіс су сыйламақ болыпты-мыс. Алайда, абайсызда бас сәулетшінің столының үстіне 10 мың, сосын 20 мың теңгені тастап кеткен.

Көкімбаев болса сотта түсінік беруден бас тартты. Айтуынша, олар үшін өзі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Және Дәуітбергеновке пара бермегенін айтты.Сот кәугерлердің басқаша сайрауын шенеунікті қылмыстық жауапкершіліктен арашалау әрекеті деп қабылдады. Сонымен қатар, барлық дәлел таспаланған болатын.

Қысқасы, судья Дәуітбергеновты  ҚК-тің 366 бабы, 3 бөлімінің 4 тармағы бойынша айыпты деп тауып, 11,2 миллион теңге айыппұл салды. Және өмір бойы мемлекеттік қызметте істеуіне тыйым салды.  

   

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."