Бүгін Қазақстан журналисттер одағының бұрыңғы төрағасы Сейітқазы Матаев шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
Сейітқазы Бейсенғазыұлын жұбайы, жақындары мен журналисттер ЛА 155/4 колониясының алдынан қарсы алды.
Қарашаның 16 күні Алматы облысы, Қапшағай қалалық соты Сейітқазы Матаевтың мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қабылдаған болатын. Алайда сот Матаевты мемлекеттік, коммерциялық мекемелерде ұйымдастырушылық-таратушылық, материалдық жауапкершілікпен байланысты басқарушылық қызметті атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазадан босатпаған.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы қазанның үші күні Астана қаласы Есіл аудандық соты Матаевты «қаржы жымқырды және салықтан жалтарды» деген айыппен алты жылға, ал ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет МАТАЕВТЫ «қаржы жымқырды» деген баппен бес жылға соттаған еді. Үкімге бойынша әкелі-балалы Матаевтар ақпарат және коммуникация министрлігіне 169 миллион теңге, «Қазақтелекомға» 140 миллион теңге қайтаруы тиіс болатын. Олар өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.
Фото: Ермурат Бапидің Facebook парақшасынан алынды.