Қаз   Рус

Сәрсенбаев өліміне 12 жыл

1359 қаралды
0
Арай ӘДІЛҚЫЗЫ
Пятница, 09 Фев 2018, 16:20

Бүгін Алтынбек Сәрсенбаев атындағы қор, оның әріптестері мен үзеңгілестері саясаткерді еске алып дөңгелек үстел өткізді

Осыдан 12 жыл бұрын, 2006 жылы 13-ақпанда Алтынбек САРСЕНБАЕВ, оның көмекшісі Бауыржан БАЙБОСЫН және жүргізуші Василий ЖУРАВЛЕВ қастандықпен өлтірілген еді. Осылай Қазақстандық оппозиция беделді көшбасшыларының бірегейінен айрылды.

А.Сәрсенбаев атындағы қор атынан саясаткер Төлеген ЖҮКЕЕВ жиынды ашар сөзінде оның қоғамға, ұлтқа, саяси өмірге сіңірген еңбегін атап өтті. Сол он екі жыл бұрын бұл қазаның ұлттық қасірет деп бағаланғанын, қанша уақыт өткенімен жараның жазылмағанын айтты.

Жиын модераторы болған Т.Жүкеев алғашқы сөзді белгілі құқыққорғаушы Евгений ЖОВТИСКЕ берді. Ол қазіргі Қазақстандағы сөз бостандығы, пікір алуандығы мен ой еркіндігінің жағдайы, жалпы Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі алар орны туралы баяндама жасады.

«Бүгінгі заманда әр мемлекет өз жолын, өз құндылықтарына қарай өз бағдарын таңдайды. Бірақ жалпы адамзатқа тән параметрлерді адамзат ғасырлар бойы қалыптастырды. Олардың барлығы да адам құқықтары жөніндегі декларацияда айтылған. Оларды сақтамай, біздің алға қойған мақсаттағы отыздыққа кіру, даму және мықты мемлекеттер қатарына қосылу арманмыз орындалуы мүмкін емес.

Қазір Қазақстан «Шекарасыз репортерлер» ұйымының есебі бойынша сөз бостандығы рейтингісінде 157 орында, Freedom House ұйымының азаматтық және саяси бостандық рейтингі бойынша тіпті 175 орындамыз. Ал бұл көрсеткіштің барлығы да сол отыздыққа кіру үшін есепке алынады. Сондықтан, мына көрсеткіштермен ол арманның ауылы алыс екенін мен айтпасам да түсініп тұрған шығарсыздар», - деді Евгений Жовтис.

Сонымен қатар Ермұрат Бапи 2005 жылы Алтынбек Сәрсенбайұлының Қазақстанның балама Конституциясын жасауға мұрындық болғанын, сол құжаттың болашақ үшін де маңызы зор екенін атап өтті.

Ал билік дәл сол кезеңде өзіне қарсы күштерді әлсіретуді Алтекеңе оқ атудан бастағанын, қазір соның жемісін көріп отырғанымызды айтты.

«Сәрсенбайұлының қазасы, Масановтың өлімі, Дувановтың сотталуынан кейін қарсылық күштерінің ыдырауы басталды. Он екі жыл ішінде қоғамды топтастыруға ынта болды, бірақ одан ештеңе шықпады. Бұл жағдай әрине билікке пайдалы», - деді ол.

Келесі сөз кезегін алған «Әділ сөз» қоғамдық қорының жетекшісі Тамара КАЛЕЕВА қазіргі таңда баспасөздің қиын кезеңі екенін атап өтті.

«Freedom House ұйымының рейтингі бойынша Қазақстан сөз бостандығы көрсеткішінде 175-орында. Былтырғы жылы «Трибуна» газеті жабылды. Журналист Б.Габдуллин журналистикадан мәжбүрлі түрде кетті. С.Матаев былтырғы жылдың аяғында босап шыққанымен, оның ұлы, ҚазТаг басшысы Әсет Матаев әлі де қамауда отыр. 2017 жылы сөз бостандығы бойынша 61 қылмыстық қудалау тіркелді. 19 айыптау үкімі шықты.

Осының барлығы  меніңше сөзсіз сөз бостандығының мүшкіл жағдайын анық көрсетіп тұр. Қазір тәуелсіз БАҚ жоқтың қасына айналды. Ал А.Сәрсенбайұлы министр кезінде бірден 40 шақты БАҚ-ты тіркеуге мүмкіндік берген еді. Соңғы он екі жылдан бері бұлардың көпшілігі жабылып қалды.

Онымен қоса биылғы жылдан бастап үлкен шектеулерге жол ашқан БАҚ туралы жаңа заң қабылданды. Оның зардабын әлі де көре жатамыз. Себебі,  мемлекеттік органдар жаңа штат ашып, бюджет есебінен адамдар тағайындап, енді БАҚ-ты қадағалайтын жаңа қызмет иелеріне мәртебе берді. Енді қай шенеуніктің жекежайы немесе яхтасы туралы жазу үшін, әуелі өзінен рұқсат сұрауға тура келеді. Бұл деген абсурд қой. Олардың мақсаты цензура екені айтпаса да түсінікті», - деді Калеева.

Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы шын кінәлі қылмыскерлердің әлі де анықталмағанын әрі жазасыз жүргенін еске салып, кезекті мәрте билікті ашық әрі әділ тергеуді бастауға шақырды.

Жиын соңында Төлеген Жүкеев қатысушылардың барлығына алғыс айтып, 13-ақпан, Алтынбек Сәрсенбайұлы қаза болған күні таңертең әдеттегідей Кеңсайға барып құран бағышталатынын еске салды.

Фото автордікі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.