Қаз   Рус

Өскеменде қоғамдық көліктер тоқтап қалуы мүмкін

82 қаралды
0
Жанар АСЫЛХАНОВА
Четверг, 30 Ноя 2017, 09:00

Жеті жолаушы тасымалдайтын ірі компаниялар банкрот болудың алдында тұр

Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің тексерісінен кейін Өскемендегі жолаушы тасымалдайтын негізгі компаниялардың қаржылық жағдайы қиындап кеткен. Бұндай пікірді кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрайымы Галина КАЗАНЦЕВА білдірді. «Рост» ЖШС, «Вебас» ЖШС, «Voska» ЖШС сынды ірі компаниялар төлемеген салықтар мен айыппұлдар бес жылдың ішінде 4 млрд теңгеден асып кеткен.

Оқи отырыңыз
Павлодарда 80 жастағы кейуананы зорлады деп айыпталған жігітке сот үкімі шықты

– Оларға мемлекеттік кіріс департаменті түсініксіз заң бұзушылықтардың жауапкершілігін мойындарына артып қойды. Жолаушыларды тасымалдау құқығын басқаларға берді деп сөгеді. Бірақ та ешкім ондай құқық берген емес. Әңгіме көліктерді арендаға беру туралы. Оған азаматтық кодекс рұқсат береді. Салық кодексі де авто көліктерді жалға беруге тыйым салмайды. Бұл мәселе бір жыл бойы шешімін таппай тұр. «Ульба транс» ЖШС тарап кетті. Тағы бір сондай мекеме құрылыс саласына ауысты. Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкерлері Салық кодексіндегі заң бұзушылықты көрсете алған жоқ. Есесіне айыппұлды салып тастады, – дейді Галина Казанцева.

Оқи отырыңыз
«Нұр Отанның» мүшесі деген атаққа бола билік партиясына бармас едім»

Г. Казанцеваның айтуынша, айыппұлды айтпағанның өзінде салықтың өзі тасымалдаушы компанияларға ауыр. Жалпыға белгіленген тәртіп бойынша жұмыс жасау үшін салық салу мәселесін шешу керек. Дәлірек айтсақ, қалалық қоғамдық көліктерді қосымша құн салығынан босату қажет. Өйтпеген жағдайда мекемелер банкрот болып қалады.

– Бізбен бірге бір экономикалық одақтағы Ресей, Беларусь елдерінде қалада жолаушы тасымалдайтын компаниялар салық төлемейді. Бұл үлкен сома. Бізде белгіленген тарифтерді салық, қосымша құн салығы, корпоративті табыс салығын алмағанның өзінде. Егер қосымша құн салығы мен корпоративті табыс салығын есептесек жолақысы 176 теңге болуы тиіс. Әрине, ол халыққа қолайсыз, – дейді Г. Казанцева.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрайымы басқа облыстарда жолаушыларды тасымалдайтын компанияларға субсидия берілетінін айтады. Ал Шығыс Қазақстан облысында ондай жоқ. Алайда кейбір тұрғындарға жеңілдіктер қарастырылған.

Оқи отырыңыз
Мәжбүрлеп жаздыруды тоқтату жолы

– Жолаушы тасымалдайтын компанияларға қайрымдылықпен айналысатын ұйым деп қарайды. Тым болмаса жанар-жағармайға субсидия берсе ғой. Себебі, жаңа тарифті 90 теңгеге белгілеп жатқанда жанармай бағасы қымбаттап кетті. Бұрын 112 теңге болса, қазір қыстық жанармайдың литрі 200-ден асып кетті. Авто көліктердің қосалқы бөлшектеріде қымбаттады.Қазір жолаушы тасымалдаушылар әкімшіліктің талабын орындап, несиеге автопарктерін жаңалап, жаңа автобустар алып жатыр. Ал олардың бар мүлкі тексерістен кейін хатталып кетті. 2018 жылдың 1 қаңтарында есепшоттары мен дүние-мүлкі бұғатталады деген ақпарат бар. Онда қалада қоғамдық көліктер мәселесі тығырыққа тіреледі, – деп сөзін жалғады Казанцева.

Оның сөзінше, 250-ден аса автобус тоқтап қалуы мүмкін.

Өңірде тасымалдаушы компанияларға салық салу мәселесіндегі қиындықтың күнтәртібінде тұрғанын ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь ШАЦКИЙ де атап өтті. Бұл мәселе аймақтың кәсіпкерлер палатасы кеңесінің жиынында айтылды. Оған «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ қатысқан.

25 қарашада өткен ол басқосуда өңірдегі бизнес-қауымдастықтың көкейкесті мәселелері талқыланған болатын. Келесі жылдан бастап кейбір заңнамалық актілер мен салық кодексіндегі өзгерістер жоспарланып жатқаны да айтылған.

Оқи отырыңыз
Мораторий жарияланса да жер сатылып жатыр

Жиында облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ проблеманы шешуге тырысқандай болды.

– Заң көлікті жалға беруге тыйым салмайды. Сондықтан мемлекеттік кіріс комитеті нақты шешім қабылдауы керек. Не рұқсат беру керек, я болмаса, бермеу керек. Екі шешімнің бірін де қабылдамаған соң, мемлекеттік кіріс комитеті салық кодексіне өзгерістер енгізбейінше, кәсіпкерлерге тиіспеуі тиіс, – деді облыс басшысы.

«Атамекен» ҰКП-ның басшысы Тимур Құлыбаев өз кезегінде бұл мәселені жуырда Қаржы министрлігінің апелляциялық комиссиясында қарауға дайын екенін жеткізді.

– Біз жолаушы тасымалдайтын компаниялардың мүддесін қорғауға тырысамыз. Өкінішке қарай, бұл проблема тек ШҚО-да ғана бар емес, – деді Құлыбаев мырза.

Фото: ust-kamenogorsk.avizinfo.kz.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)