Қаз   Рус

Әуезов театрға жаңа директор тағайындалды

15 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 12 Фев 2018, 11:30

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрына жаңа директор тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылғы 12 ақпандағы бұйрығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр режиссері Асхат Максимұлы Маемиров М.Әуезов атындағы Қазақ  Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры қызметіне тағайындалды», - деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі. 

Асхат Максимұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы (PhD), «Болашақ» Президенттік стипендиясының иегері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. 2008 жылы Сорбона университетінің магистратурасында білім алып, Франциядағы Париж Ұлттық драма өнері консерваториясында тағылымдамадан өткен. 2010 жылы Мәскеудің атақты жоғарғы оқу орны ГИТИС-те - Ресей театр өнері академиясында «Режиссура магистрі» ғылыми атағын алды. 015 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының докторантурасын тәмамдап, «Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық пен жаңашылдық (1991-2015 жж.)» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, «Философия докторы» ғылыми дәрежесіне ие болды. Еңбек жолын А. Маемиров Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында режиссер болып бастаған.

Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінде «Актерлік өнер» бөлімінің меңгерушісі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетінің деканы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының доценті болды. Қазақстандық мәдениеттің көш басындағы ең ірі музыкалық ұжымдардың бірі - «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымын басқарды. 

Бүгінгі тағайындауға дейін А. Маемиров елордалық «Астана мюзикл» театрының көркемдік жетекшісі болды.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!