Теміртауда 19 ақпанға қараған түнінде белгісіз адам полицияға телефон шалып ықшам ауданда үйге жарылғыш құрылғы салынғанын хабарлаған
Теміртауда тұрғын үй ғимаратын «миналап тастаған» күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.
19 ақпанға қараған түнінде белгісіз адам «112» телефонына қоңырау шалып және №7 ықшам ауданында 31-ші үйге жарылғыш құрылғы салынғанын хабарлады. Барлық жедел жәрдем қызметі орнына тез кетіп, үйден 17 адам көшірілді. Үйге тексеру жүргізілді, жарылғыш құрылғы табылмады. Іздестіру шараларын жүргізу барысында, 58 жастағы қала тұрғыны ұсталды», - деді Қарағанды облысының ІІД-нің баспасөз қызметі бастығы Бақытжан Құдияров.
Оның айтуынша, ұсталғаннан шұғыл қызметке телефон шалған ұялы телефонды алынды. «Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы (терроризм актісі туралы алдын ала жалған хабар тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Б. Құдияров.