Қаз   Рус

СҚО әкімі Наурыз мерекесі кезінде киіз үйді жауып алып, тамақ ішуге тыйым салды

33 қаралды
0
Понедельник, 26 Фев 2018, 16:00

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Наурызды тойлау барысында киіз үйлерді жауып алып, тамақ ішуге тыйым салды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Наурызды тойлау барысында киіз үйлерді жауып алып, тамақ ішуге тыйым салды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Киіз үйлерді жауып алып, тамақ ішкенді қою керек», - деп қадап айтты ол дүйсенбі күні әкімдіктегі отырыста.

Қ.Ақсақаловтың айтуынша, белгілі бір қонақтар үшін киіз үйлерді жауып алғанда халық арасында «олар неге жабық және оның ішінен кімдер тамақтанып жатыр» деген сұрақ туындайды.

«Ол жерде көп балалы аналар, ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі адамдарға тамақ берілген. Менің ойымша, оның бәрін мейрам қарсаңында жасауға болады. Барлығы ашық болуы керек. Киіз үйлер ұлттық нақышта безендіріліп, салт-дәстүрлерімізді айқындап тұруы тиіс. Есікті жауып алып тамақ ішудің қажеті жоқ. Ол жерде көп балалы аналар, ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі адамдарға тамақ берілуі тиіс. Бірде бір көше жабылмасы», деп талап етті өңір басшысы.

Сонымен қатар, облыс әкімі аудан әкімдеріне облыс орталығына келудің еш қажеті жоқ екенін қадап айтты..

«Шығармашылық ұжымдар өз әкімдерімен бірге жергілікті жерде болуы керек», - деді Қ.Ақсақалов.

Сондай-ақ, ол үш күн бойына халық көп жүретін жерлерде киіз үйлердің құрулы тұруын талап етті.

Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетовтың айтуынша, биыл Наурыз мейрамы қарсаңындағы негізгі мерекелік шаралар қаланың басты көшесінде өтеді.

«12 отаудан тұратын этноауыл, қолонершілер көрмесі ұйымдастырылмақ. Мереке қонақтарына палау, бауырсақ, наурыз көже сынды ұлттық тағамдар тегін беріледі. Бағдарламада концерттер, театрландырылған қойылымдар және жаппай домбыра тарту, қара жорға билеу сияқты жоспарлар бар. Қазір мерекеге қызу дайындық жүріп жатыр. Билбордтар мен баннерлер дайындалу үстінде», - деді М.Тасмағанбетов.

Сондай-ақ, оның айутынша, былтырғыдай Петропавлдың барлық ауласында Наурыз мейрамын тойлау бастамасы биыл да жалғасын табады.

«Дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындар аулаларды абаттандыру жұмыстарына қатысуы керек. Әкімдік тарапынан қар мен қоқысты шығаруға, ағаштарды кесу және сирету жұмыстарына көмек көрсетілетін болады», - деді әкім.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.