Қайғылы жағдай Семейдегі жеке үйлердің бірінде болған. «Восточный» кентіндегі «Восточный» көшесінде орналасқан жеке үйден өрт шығып, ондағы 61 жастағы әйел жанып кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Өрт кешкі сағат 22:00-де шыққан. Көршілер өз күштерімен әйелді құтқару үшін терезені сындырған, кейін өрт сөндіру қызметін шақырған. Алайда, белгілі болғандай, ауа ағыны өртті өршітіп жіберген. Өрт сөндірушілер хабар түскеннен кейін оқиға орнына 5 минуттың ішінде барған, алайда әйелге көмектесу мүмкін болмаған. Ол өрт кезінде тірідей жанып кеткен. Өрт 57 шаршы метр жерді шарпыған.
Сондай-ақ, өрт сөндірушілер үйден жарылып үлгермеген газ баллонын алып шыққан. Өрт сағат 22:57-де сөндірілген. Қаза тапқан әйел демалыста, үйінде жалғыз жүрген, ал жұбайы болмаған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша, өрт дәлізден басталған, сондықтан марқұм үйден шыға алмай қалған.