Павлодар облысында полицейлер бұзылған автобуста қалып қойып қойған Өзбекстанның 55 азаматына көмек көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Павлодар-Қызылорда тасжолында Достық ауылының маңында 55 өзбекстандық мінген автобус бұзылып қалған. Жергілікті полиция қызметінің мамандары көмек көрсетті», - деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі. Полиция мен әкімдік жолаушыларды Достық ауылындағы мектепке орналастырған. Оларды тамақтандырып, Ресеймен шекараға жеткізетін екінші автобус тауып берген. Оларды шекарадан ресейлік автобус алып кеткен, деп мәлім етті ІІД.
Еске салайық, 18 қаңтарда Ақтөбе облысында Өзбекстаннан Ресейге бет алған жолаушылар автобусы өртеніп, 52 адам қаза тапқан еді. Осы қайғылы оқиғадан кейін Қазақстанда жолаушы тасымалы саласын тексеру ұйымдастырылды.