Қаз   Рус

"Қорғас ісі": 35 адам ұсталды

57 қаралды
0
Понедельник, 19 Фев 2018, 18:00

Бас прокуратура Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында кең ауқымды операция өткізілгенін мәлімдеді

ліміздің бірнеше өңірінде жүргізілген арнайы операция кезінде 35 адам ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Лоскутова мәлімдеді деп хабарлайды Sputniknews.kz.  

Оқи отырыңыз
Трансгендерлер Сауд Арабиясына қажылыққа барады

 Арнайы операцияны 15-16 ақпан күндері Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен өткізген.   

"Еліміздің шекаралас аумағында контрабандамен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы іс-қимылды күшейту, сондай-ақ кеден аумағы саласында тәртіпті орнату мақсатында Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында кең ауқымды арнайы операция өткізілді. Қазіргі таңда 35 күдікті, олардың ішінде Қырғызстанның үш азаматы, кеден органдары, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды. Соттың санкциясымен 33 тұлға қамауға алынды. Арнайы операция алдында жедел тексеру жүргізілді", — деді ресми өкіл. 

Оксана Лоскутованың айтуынша, операция барысында мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай аймағында орналасқан Алтынкөл, Қалжат және Қорғас кеден бекеттері, Қазақстан-Қырғызстан аймағында орналасқан Қордай мен Қарасу бекеттері мен Қазақстан-Өзбекстанның Сарыағаш, Қазығұрт, Атамекен, Қапланбек шекара аймақтары арқылы  халық тұтынатын тауарлар контрабандалық жолмен тасымалданғаны анықталған.

 "Атап айтқанда, Қазақстанға контрабандалық тауарлар Қытайдан тікелей, сондай-ақ Қырғызстан арқылы кедендік әкімшілендірудің көлеңкелі сызбасы, жалған құжаттар көрсетіле отырып әкелінген. Күдіктілерге кедендік рәсімдеу және жүкті алып жүруді қамтамасыз ететін кедендік органдар мен шекара қызметінің кейбір лауазымды тұлғалары көмек көрсеткен. Тауарлар Қазақстанның ірі қалалары мен Ресей Федерациясына жолданып отырған", — деп толықтырды ол.

Оның мәліметінше, мемлекеттік шекараның Қазақстан-Өзбекстан аймағында кедендік өткізу бекеттері арқылы тауарларды өткізуді жылдамдату үшін кеден қызметкерлері пара алып отырған.

"Контрабандалық іс-әркетке қатысты тұлғалар ірі көлемде ақшалай сыйақы беру жолымен арнайы және құқық қорғау органдары тарабынан "қамқорлық" алуға әрекеттенген", — деп түйіндеді Лоскутова. 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.