Алматы полициясы Кабулда көз жұмған қазақстандықтың туыстарын алдаған адамдарды ұстады, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
«Алмалы аудандық ІІБ күдіктілерді бірден ұстады. Бұл іс аталған басқарманың қарауында жатыр», - деді қалалық ІІД баспасөз қызметінен. Ауғанстанда қаза тапқан Ерлан Жампейісовтің жақындары Бостандық ауданының ІІБ-не алаяқтарға жем болғаны туралы арыз түсірген еді. Еске сала кетейік, Астана тұрғыны Ерлан Жампейісов 20 қаңтар күні Ауғанстан астанасы Кабулдағы «Интерконтиненталь» қонақ үйіне жасалған шабуыл кезінде қаза тапты.