Бүл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев хабарлады
Халық банк пен Қазкоммерцбанктің қосылуы 2018 жылдың аяғында аяқталады, деп хабарлады ҚазТАГ ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевке сілтеме жасап.
«Бізге банк менеджменті хабарлаған ақпарға сәйкес қосылу процесі 2018 жылдың соңында аяқталады. Біз осы мерзім сақталады деп үміттенеміз», - деді Д. Ақышев бейсенбіде онлайн-конференция барысында.
Бұл ретте, реттеуші басшысының айтуынша, ірі қаржылық институттарды біріктіру процесі өте күрделі, «жоспарлағаннан да ұзақ уақыт кетуі мүмкін».
«Төзімді қаржылық институт жасау, қаржылық қызмет тұтынушыларының құқығын толығымен қорғау - біздің негізгі мақсатымыз», - деді Д. Ақышев.
Сондай-ақ, ол Bank RBK өзін сауықтыру аясында былтыр жылдың соңында айтылған проблемалы портфельді толығымен алып тастаған. «Bank RBK… өтімділіктің үлкен қорына ие. Біз оның толығымен клиент алдындағы өз міндетін орындайтынын көріп отырмыз, және мен бұл мәселе күн тәртібінен толық алынып тасталды деп ойлаймын», - деді Д. Ақышев.