Қаз   Рус

Тегін шайтан арба шайтанның тұзағы емес пе?!

149 қаралды
0
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ
Среда, 29 Ноя 2017, 10:00

Алматы көшелерінде сары түсті қаптап кеткен тегін велосипедтің қаупі неде

Алматы көшелерінде сары түсті тегін шайтан арба(велосипед) қаптап кетті. OFO деп аталатын велосипедтерге студент біткен отырып мәз. Мәз, өйткені желтоқсанның соңына дейін тегін. Бірақ мәселе мұнда емес, мәселе оның қай елге тиесілі екендігінде.

OFO велосипедтер жүйесі көршілес Қытай елінен келген. Келгеніне бір апта өтпей жатып, қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие болды. Тегін сыр тек тышқан қақпанында ғана болатынын ескерсек, бір ай бойы тегін шайтан арбаны тебуге рұқсат еткен бұл компанияның астарында не жатыр деген ойға келемін. Әрине, біріншіден ол нарықты жаулап, тұтынушы санын арттырғысы келеді. Онысы экономикалық әрекет.

Алайда тиынның екі беті болатындай екінші жағынан бұл идеологиялық экспансияның бір түрі. Қазаққа Қытайды жақсы етіп көрсету. Әсіресе жастарға. Сары шайтан арбаның үстінде сайран салып, тегін теуіп кетіп бара жатқан «сары ауыз балапан» студенттер «Қытайдың несі жаман?» деген ойда жатақханасына аттанып бара жатса, Бейжің үшін сол олжа. Ғұндарда «Қытайдың қылыш алып, қарсы шапқаны емес, тегін жібек таратқаны қауіпті» деген сөз болған. Расымен солай.

Көзге көрінетін жаудан, көрінбейтін жау қауіпті ғой. Соңғы уақытта қысықкөздер қазақты жарылқағыш болып кетті. Біресе оқуға тегін грант береді, біресе тегін шайтан арба әкеледі. Аңғал қазақ «ақ балық, қармағымды қап балық» деген жымысқы ойға түсіп қалмаса болғаны. Ең өкініштісі сол, барлығы да жастардың санасын жаулауға бағытталған әрекеттер, одан да сорақысы сол, оған жастардың сеніп қалуында. Шайтан арбаны әкелудің өзі шайтанның бір тұзағы ма деп қалам... Қателессем игі еді. Байбегіміздің "байкі" артық-ау оданда!

Асхат ҚАСЕНҒАЛИДІҢ Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)