Қаз   Рус

Шенеуніктер біздің ақшамызбен білгендерін жасап отыр

86 қаралды
0
Евгений ЖОВТИС
Вторник, 14 Ноя 2017, 11:45

Салықты төлеуін төлеу керек, алайда салықтың да сұрауы болуы керек

Қаншама шенеуніктер армиясын асырап отырмыз?

Читайте также
Төңкерістің басы бар да, аяғы жоқ

Соңғы кезде мені «Салықты төле де, тыныш ұйықта» деген ұран ойланта бастады. Әдетте мемлекет өз азаматтарына «салықты төлемесең ұйқың тыныш болмайды» дейді. Ерте ме кеш пе: сенен, кәсіпорындарға, түрлі мекемелерге, кәсіпкерлерге, «өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға» да барып ақша қайда деп сұрайды. Қысқасы, туған мемлекетімізді қағып-бағу үшін, біздің проблемаларымызды шешу үшін барлық жұмыс жасайтын азаматтардан салық алынады. Егер төлемесең, айыппұл салынады. Құдай сақтасын, қамалып кетуіңіз де бек мүмкін.  

Жалпы, салық жинаудың бұл түрі демократиялық елге жат. Керісінше, алым жинауға ұқсайды. Конституцияға сәйкес, мен – биліктің бір бөлшегімін. Ал маған біз айтқан қаражатты бер де өз жөніңе кете бер. Сен бізге беруге міндеттісің. Мемлекет алдындағы борышың деген әңгіме айтады.

Бермектің өз алмағы да болады. Мемлекет жасаған жолмен жүресің, білімін аласың, медициналық қызметтеріне жүгінесің. Бастысы, қауіпсіздігің қамтамасыз етіледі. Айтпақшы, салық ретінде төлеген ақшаң зейнетақы есебінде де қайтады. Әрине, еңбекке жарамды жұрттың салығы арқылы қиын жағдайға түскен азаматтарға да көмек көрсетіледі.

Алайда сол сіз бен біздің ақшамыз үлкен мемлекеттік аппаратқа жұмсалады деген күдігім бар.

Еуразиялық кәсіпкерлер қауымдастығының  президенті Жомарт АЛДОҢҒАРОВ мынадай мәліметтер келтірген болатын. Жапонияда халықтың саны 128 миллион. Шенеуніктер саны тоғыз мың. Ресейде 142 миллион халық болса, 1 миллион 122 мың шенеунігі бар екен. Ал 18-миллион халқы бар Қазақстанда 99 мың мемлекеттік қызметкер еңбек етеді.  «Біз не деген саны көп шенеуніктерді асырап отырмыз! Мына түрімізбен  бақуатты бола алмаймыз! » - деген еді кәсіпкер.

Forbes Kazakhstan журналының 2014 жылғы зерттеуі бойынша, Қазақстанда  100 000 адамға 33 прокуратура қызметкері, 13 сот, 609 полицейден келеді екен. Басылымның хабарлауынша, КСРО кезінде 100 000 мың адамға 29 прокурор, 4 сот, 223 милиционерден келіпті. Финляндия, АҚШ, Канада, Германия Израильде 100 мың адамға 144-тен 300-ге дейін полиция қызмет етеді. Яғни ол жақтарда полицияның саны екі есеге аз.

Мемлекет қаржысы деген ұғым жоқ, тек салық төлеушілердің ғана ақшасы бар

Читайте также
Банктер неге қарызды кешіре алмайды

Әрине, қауіпсіздік ең бірінші кезекте керек. Алайда мынадай статистикалық ақпараттан кейін ұйқың қашады екен. Менің өмір бойы мемлекет қазынасына құйып келе жатқан қаражатым қайда деген сұрақтың туындауы да заңды ғой. (Менің еңбек өтілімім қырық жыл)

Белгілі саясаткер Маргарет ТЭТЧЕР: «Мемлекет қаржысы деген ұғым жоқ. Салық төлеушілердің ақшасы бар» деген еді.

Шынында да, мемлекетте қайдағы ақша? Әуелі, жердің асты мен үстіндегі табиғи байлықтар да жалпыхалықтық меншік болып саналады. Мемлекеттік шенеуніктер оған біздің атымыздан иелік жасап отыр. Олардың қолында не бар, соның барлығын біз бердік.

Құдайға шүкір, мемлекет зейнетақы мен өтемақыны көбейтті. Дәрігерлер мен мұғалімдердің айлығын өсірді деген сөздерді естігенімде, зығырданым қайнайды. Әрине, мен айлықты, зейнетақыны көтерсе қуанамын. Себебі қазіргі беріліп жатқан ақшамен дұрыс өмір сүре алмайсың. Тәуір пәтер, бүтін киім ала алмайсың. Тойып тамақтанбайсың.

Зейнетақы мен айлықты өсіріп жатқан шенеуніктерге деген ризашылықты түсіне алмаймын. Олар ақшаны өз қалталарынан беріп жатыр ма? Оларда ақша бар ма екен? Бар-жоғы біздің ақшамызды иеленіп, соны таратып отыр. 

Мені аңдыған адамға неге ақша төлеуім керек?

Читайте также
Таза қазақша сөйлейтіндер кедей болып келеді

Әрине, салықтан түскен ақшаның бөлінуін бақылайтын парламент, есеп комитеті т.б бар. Қазынаға құйылатын үлкен соманың аз ғана бөлігі болса да менің төлеген салығым қалай пайдаланылады? Ол да мемлекеттің шығынын жабады ғой.

Мысалы, менің ақшама менен сұрамастан тереземнің алдындағы кішкентай гүлзар бақтың қоршауын неге алып тастайды? Неге ағаштарды отап тастаған. Сол ағаштар шірімеген, көлеңке түсіріп тұрған мәуелі ағаштар еді.

Неге мемлекеттік және жекеменшік БАҚ-ры мемлекеттік тапсырысты орындап, биліктің насихатымен айналысады? Конституция бойынша бізде саяси және идеологиялық пікір алуандығы бар емес пе?

Неге менің ақшамды алып отырып министрліктер мен ведомства қызметкерлері атом электростанциясында немесе қару-жарақ қоймасында отырғандай бекініп алады? Ол жерге рұқсатсыз кіре алмайсың. Кіргеннің өзінде компьютеріңді, фотоаппаратыңды, телефоныңды алып қояды. Мен осындай мемлекеттік қызметке ақша төлеймін бе?

Неге бір шенеунік үшін жол жабылып, қозғалысты тежеген полицияның айтқанына көнуім керек. Олардың жалақысы менің де салығымнан төленеді ғой.

Азаматтық белсенділер бақылауда, телефондары тыңдалады деген әңгіме бар. Демек, менің соңымнан еріп  жүретін салпаңқұлақтарды да мен өз ақшама жалдап отырмын ғой.

Осыдан кейін салықты төлегеніңмен ұйқың қалай тыныш болады? Салықты не үшін төлеп жүргеніңді білу үшін оянуың керек. Өйткені, бір ұйықтап кетіп оянбай қалуың мүмкін. Себебі ақшаң болмай қалса, көз жұмып жата бергенің дұрыс-ақ!  

Фото:yk-news.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.