Қаз   Рус

Сессия үшін 300 мыңға «қораға кіргізу»

321 қаралды
0
Сәуле ӘБІЛДАХАНҚЫЗЫ
Четверг, 07 Дек 2017, 14:00

"Массовкадан" көз ашпайтын Жургенов студенттері емтихандарына ақша таппай қиналуда

Былтыр, алдыңғы жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында 0.25 жүктемемен жұмыс істедім, "Әлем театрының тарихы", "Қазақ театрының тарихы", "Редакциялау негіздері", "Мамандыққа кіріспе" пәндерінен сабақ бердім. Биыл тамыздың соңына таман "Сізбен келісімшартты бұзамыз" деген "Уведомление" алдым. Себебін сұрамадым, өйткені "хитовый ақырғыштың" нұсқауы екені айтпаса да түсінікті еді.Студенттерімді өз балаларымдай жақсы көрдім. Олар да "апай, апай" деп сыйлап тұрды. Әркез конспектілері түгел, өзіндік жұмыстары жазылған, рефераттарын дер кезінде өткізеді. Тіпті, поштама кеп түсіп жатқан рефераттарды, өзіндік жұмыстарды тексеріп үлгермейтінмін. Сабақ барысында студенттер "апай, мен айтайыншы... апай, мен шығайыншы" деп, тіпті "кімнен кейін кім... мен бәленшеден кейін..." деп өзара кезек белгілейтін... Олардың бәрінің аты-жөндерін тізер болсам, уақыт та, ФБ-ның парағы да жетпес...)
Жәй... Студенттерімді сағындым... 

Оқи отырыңыз
Қазақстан білім беру индексі бойынша 35-орында

Жаңарақта бір студентім хабарласып, қарызға ақша сұрады. Әжептеуір қомақты сома... 300 мыңнан асып жығылады... Жазғы сессиясының қарызын ақылы түрде жабуы тиіс немесе оқудан шығады екен... Әттең... Көмектесе алмайтыныма өкіндім әрі ұялдым. Ұялсам да, 6 айдан бері жұмыссыз екенімді мойындадым...
Студенттерді стипендиясынан қағып, дұрыс баға қойып бермейтін мұғалімдерді ұстаз деу былай тұрсын, мұғалім деуге аузым бармайды. Біздің жүйеде, оның үстіне, мен білетін өнер академиясында студенттерге жоғары талап қойып, бағадан қысып, несібесінен айыру - адамшылықтан кетудің шегі деп есептеймін. Өйткені, өнер академиясында қағазбастылық көп болғанымен, қағаз жүзінде "терең, жан-жақты білім беріп" жатқанымен, іс жүзінде студенттердің көп уақыты республикалық, аудандық, қалалық, академияішілік мерекелік іс-шараларға жекелей қатысумен және массовка болумен өтеді. Оның сыртында телесериалға, киноға түсу үшін кететіндер қаншама...

Білім талап етесің бе - ондай қоғамдық, шығармашылық іс-шараларға қатысуын тоқтат. Олай болмайды екен, жоқ білімді талап етіп, төмен баға қойып, шәкіртақысынан қақпа. Олардың ішінде де жетісіп жүргендері шамалы. Өздері ашқұрсақ студент, жартысы гастрит, автобусқа ақша таппай қаланы жаяу шарлайтындары қаншама!.. Қаршадай байғұстарды ұялмай ай сайынғы алатын несібесінен айырасыңдар. Оларды үкіметіміз онсыз да жарылқап жатқан жоқ - алатыны небәрі 20 мың теңге. Оларға көмектесудің орнына, арттарыңнан жүгіртіп, сағын сындырып, жаутаңдатып, байғұстарды 20 мың теңгесінен айырасыңдар. Қайдағы ұстаз? Ұстаз аяқтан шалмайды, жетектейді...

Стипендиясынан ұялмай қаққандарыңмен қоймай, өткен сессиясын ақылы тапсыртасыңдар. Әрине, ақылы тапсырса, ақшасы өз қалталарыңа түседі. Бір студентті сессия үшін 300 мыңға "қораға кіргізу" ешқандай ұстаздық моральға сыймайды. Студентте ондай ақша қайдан болсын?!. Әрине, ата-анасына салмақ салады. Ал ата-анасы қандай күйде? Бір құдай біледі!..
Бәріңіз бала өсіріп отырған ата-анасыздар. Ойланыңыздар. Қазіргі заманда бала бағу да, өсіру де, оқыту да оңай емес. Үкімет халықты онсыз да тонап отыр. Оларға сіздер қосылып, жығылған үстіне жұдырық жасамай, студенттердің 20 мыңына "крест" қоймай, керісінше, сол тиыннан қағылып қалмауын ойлаңыз. Ұстаз, мұғалім, педагог екеніңіз рас болса...

Дереккөз: Сәуле Әбілдаханқызы Facebook парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: urist-sian.ru

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)