Қаз   Рус

«Боратшылдарға» рақмет айту керек

340 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Вторник, 14 Ноя 2017, 16:20

Астананы жалаңаш күйде жарнамалаған чехтарға турист ретінде қарайық

10 қараша күні Астанада ЭКСПО автотұрағында жартылай жалаңаш суретке түскен алты шетелдік турист ұсталды. Орталық Европадағы Чехиядан келген  туристер «Бораттың шомылу киімі» аталып кеткен купальникте болған. Олардың суреттері әлеуметтік желілерді ғана емес, қырғыз, ресей сайттарында да шарлап кетті. Митинг, акция, флешмоб бола қалғанда жедел атқа қонатын полицейлер арқаның желінде жалаңаштанған еркектерді де Астанада тайраңдатып қоймаған.

Астана ІІБ-нің баспасөз хатшысы Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА чехиялық алты азаматтың үстінен «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалғанын жариялап үлгерді. Әкімшілік сот әр шетелдікке 10 АЕК көлемінде айыппұл салыпты. Әлеуметтік желі қолданушыларын жаңа жыл қарсаңында Борат болып киініп келген чехиялықтар  дүрліктіріп жіберді. Бір жағынан ойлайсың, арқаға қыстың ерте келетіні рас, алайда жаңа жылға дейін әлі уақыт бар емес пе? Бәлкім, жаңа жылға ерте қамданып, шырша орнатудан жарысқа ерте түсіп кететін біздің елге чехиялықтар асыққан шығар. Тәуелсіздік күнінен бұрын «елка» мерекесіне даярланатынымызды біліп, шырша айналуға келді ме екен?

Читайте также
Қазақ жігіттері Ресейде ерекше сұранысқа ие

Жоғарыда біртүрлі киінген меймандарымыз әлеуметтік желідегі жұртты дүрліктірді дедік қой. Мәселен Instagram желісінде оларға салынған айыппұлды аздық етіп, «мойындарына ондаған миллион теңгені артып жіберу керек еді» дегендер болды. 

Өз басым бұндай қонақтарға репрессиялық айыппұлдарымызды көрсетпегеніміз  дұрыс деп ойлаймын. Керісінше, қонақжайлығымызды көрсетейік. Біз қонақжай едік қой.

Еуропалық қонақтардың ғаламторды шарлап кеткен суретіне мұқият көз салыңызшы. Алтауы да тура Борат сынды жасыл түсті купальник киіп алған. Шаш қойыстары да Борат Сағдиевке  келеді. Демек, 2006 жылы прокатқа шыққан Барон КОЭННЫҢ киносы бізге әлі жарнама жасап тұр. Иә, жарнама жасап тұр. Айтпақшы, бұл менің сөзім емес. Бір кездегі Сыртқы істер министрі Ержан ҚАЗЫХАНОВ: «Сашаның киносы шыққалы бері виза алушылар көбейді, көлемі 10 еседен асты. Ол біздер үшін үлкен жетістік!» - деген еді. Ал кейбір депутаттар сол киноға қарсы қанша майдан ашқанымен Қазақстанда бұл фильмге ресми түрде тыйым салынбаған-ды.

Демек, қазіргі күні АҚШ-та елші болып отырған Ержан Қазыханов айтқан туристердің бір тобы осы чехтар. Орташа есеппен алғанда, олар Астанаға келіп кету үшін шамамен 10 мың АҚШ долларын жұмсап отыр. Экономикалық дағдарыс кезінде бұл аз ақша ма. Қазынаға ақша түссе болғаны. Бұндай туристерге арнап  символикалық айыппұлды ойлап шығару керек. Мысалы, 180 теңге. Осылайша,  туристердің  легіне тоқтау қоймаймыз. 

Әрине, «Қазақты қайта масқаралады. Бұған қалай төзуге болады? Атымыздың тұяғы Рим қақпасына барған көшпенділердің ұрпағы күлкіге қалғаны қалай? » деп үстел тоқпақтамай, шыдамдылық танытқанымыз жөн. Ашу-ызамызды алыстағы Саша Коэн бастаған, алты чех қостаған шетелдіктерге емен, Қостанайдағы  «бір қап көмір ісіне»  төгейік. Қостанайдың Ұзынкөл ауданында бір қап көмір ұрлағаны үшін бір бейбаққа 180 теңгеге залал келтірді деп іс қозғалыпты. Абырой болғанда, екі жақ келісімге келіп, судья істі тоқтатқан. Айтпақшы, бірер айдан бері БАҚ-ы Қазақстанның кейбір аймақтарындағы көмір тапшылығы мен оның бағасының шарықтап кеткенін жазып келеді. Бәлкім, еуропалық алты мейман ЭКСПО деп аста-төк той жасаған Қазақстанның жылусыз отырған халқының жайын I LOVE ASTANA жазуының жанына жартылай жалаңаш барып білдіргісі келді ме екен?! 

Фото: Informburo.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)