Қаз   Рус

Бендицкий президентпен неге кездеспеді

111 қаралды
0
Руслан ЕРБОТА
Понедельник, 04 Дек 2017, 14:00

Ақордада «терроризмнен басқа сұрақ қоймаймын» деп қасарысып отырып алыпты

Генаны Ақордаға қалай кіргіздім немесе біз неге екінші рет жүздеспедік... Бүгін келмес дүниеге кеткен Генаны қайбір жылы күтіп алдым. Ол кезде Назарбаев әуежайы жоқ еді. Бұрын жүзбе жүз танысқан, біліскен емеспіз. Амандықтан соң Ақордаға бірден тарттық. «31-телеарнадағы» «Информбюро» жаңалықтарының Астана бөлімінде жүрген шағым. Ал Гена және оның әріптестерінің «Времядағы» замандары бітіп, «31-ге» уақытша аялдаған кездері. Гена кіріп кеткен Ақорданың қақпасынан оның алдында мен де өткенмін.

Оқи отырыңыз
Геннадий Бендицкий: Я ни разу не брал деньги за статьи

Тап бүгінгідей желтоқсанның басы еді. Президент баспасөз қызметі телеарна бастықтарын шақыртқан екен (Алматыдағы бастығымыз бір себептермен келе алмай, оның орнына амалсыз өзім барғам), сегізіміз Ақорданың екінші қабатында Д. АБАЕВТЫҢ алдына тізіліп отыра қалдық. Баспасөз қызметінің басшысы бұған дейін атқарған зор жұмыстарын ұзағынан айтып, президентті көп мақтап, сөзінің соңын «сіздерге берген уәдемде тұрдым. Президентпен тікелей эфир өткізетін болдық. Кез келген сұрақты қоюға болады» деді.

Бірақ, онысы шын мәнінде «тікелей» емес екен. «Қазақстаннан» мынандай сұрақ», «Хабар» мына сұрақты қоймағанда қайсысын қояды!», «КТК сіздердікі осы...», деп баспасөз хатшысы президентке қоюы тиіс деген сұрақтарды әр каналға сыбағадай үлестіріп келіп, етек жақта отырған маған келгенде «31 не қоясыңдар?» деп таусылып қалғаны. «Алматымен ақылдасып алайық» деп оңай сытылып шықтым. Бірақ, баспасөз хатшысының одан кейінгі талабы «31-ді» жігіт іздетіп, біраз әуреге түсірді. Себебі, күні бұрын репетициясы жүріп, алдын ала жазылатын «тікелей эфирде» президентпен сұхбаттасатын қарапайым сегіз журналистің төртеуі еркек, төртеуі әйел болуы шарт болып шықты.

Жиыннан шыққан соң бастығыма осы талапты айтып едім, «Астанадағы бюро жетекшісі өзің, сен бармағанда кім барады, бара сал» деді. Алайда, олай болса дайын сұрақ қоймайтынымды айтып, «не сұрайтынымды өзіңіз сезесіз ғой. Жұмыстан шығарып жіберсеңіз де ренішім жоқ» деп едім, орыс жаңалықтарын жүргізуші жігітті Алматыдан Ақордаға арнайы жіберген. Бірақ, сүр бойдақтың сызылған сөзі мен түрі ұнамады ма, әлде басқа ма, әйтеуір ол Ақордаға кіріп шыққанымен «кастингтен» өтпей қалды. Енді оның орнына «мынау біздің нағыз жігітіміз» деп Генаны жіберген. Орта бойлы, жуан жан екен. Аязды елеместен жалаң бас күйі Ақордаға бет алды. Содан, екі сағаттан кейін бір-ақ шықты. «Кастингтен» ол да өтпей қалыпты. «Кишлакта» отырып әңгіме соқтық. Байқағаным оның алдында «бір қойдың етін жей саламын» деп мақтансаң ұятқа қалады екенсің. Жазғандарын мойындасам да, кейбірімен келіспей, сыртынан жақтырмайтыным бар еді, дастархан басындағы әңгімеміз ә дегеннен жарасып-ақ кетті. Төрт сағат зулап өте шықты. Саясат, журналистика, альпенизмді айтып тауыса алмадық.

Әуежайға шығарып салдым. Ақордада президентке «терроризмнен басқа сұрақ қоймаймын» деп қасарысып отырып алыпты. Егер сол жолы ол шенеуніктер дайындап берген дайын сұрақты «тікелей эфирде» қоюға келіссе әуежайдан оны екінші мәрте күтіп алар едім. Бірақ, тағдыр бізді қайтып жолықтырмады. Есімі елге белгілі саусақпен санарлық журналистердің қатары сиреп бара жатқаны жаныңа батады екен. Бақұл бол, Гена!

Дереккөз: Руслан Ерботаның Facebook парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)