Қаз   Рус

ҚазҰУ-ды сүйкімсіз етпеңіздерші!

81 қаралды
0
Жадыра НАРМАХАНОВА
Среда, 31 Янв 2018, 17:30

Студенттерді университет туралы мақтап мақала жаз деп тентіретіп жіберуді қойсаңыздаршы

ҚазҰУ-дың оқытушыларына қарным ашып отыр. Студенттеріңізді ҚазҰУ туралы мақтап мақала жаз деп тентіретіп жіберуді қойсаңыздаршы! Құдайдың құтты күні редакцияға 2-3 студент хабарласады. "Бізге ҚазҰУ туралы мақала шығар деп жатыр. Әйтпесе, сессиядан өткізбейді", – деп тұрады. Мақаласын оқысаң, бас салып мақтау, тарихын сыдыртып шығу. Гуглда ҚазҰУ туралы не тұр, соны айна-қатесіз көшіріп әкеп тұрады ғой. Аузың көпіріп не жазу керек екенін түсіндіріп жібересің, бірақ сол "тақырыптарымен" қайтып кеп тұрады.

Оқи отырыңыз
Қазақ ғалымдарының мақалалары қоқысқа кетті

Егер шынымен ҚазҰУ-дың атын шығарғыларыңыз келе ме, онда мынадай тақырыптар жаздырсаңыздар, жазсаңыздар болады:

– Мамандығыңыз туралы жазғыңыз келсе, сол мамандыққа қалай түсуге болады, қанша балмен түсті, ол мамандықты бітіргеннен кейін қайда жұмыс істеуге болады, мамандығы қаншалықты сұранысқа ие (статистикасымен), бір семестрде не оқыды, не үйренді (Заң факультетінің студенттері хабарласқан. Соларға "Құқығыңды білесің бе?" деп балаларды алаңдататын сұрақтарға жауап іздеп көр. Үйдегі іні-қарындасың үйтсем бола ма, бүйтсем бола ма деп сұрайтын шығар. Солардың сұрағына жауап тауып кел. Яғни, сабақ беретін профессор-оқытушыларыңнан сұра" деп айтқанбыз), мамандығының ерекшелігі неде деген сияқты сұрақтарға жауап беріп тұрса, жарияланады;

– ҚазҰУ-дың био-химия факультеті мықты. Зертханааларына кіріп, теорияның практикада қалай жүзеге асатынын бақылап, өзің де істеп көр. Сондай танымдық дүние болса кім шығармайды? Оны оқыған бала ҚазҰУ-ға түсуге қалайда әрекеттенеді ғой;

– Филфакта оқитын болсаң, сол факультетте 7-8 тілді білетін студент бар шығар. "Филология факультетінің студенті осыншама тіл біледі" деп тіл үйренудегі машығымен бөліс. Күніне неше сөз жаттайды, таңертең 5 тұрып оқыған тиімді ме, әлде 7 тұрып оқыған тиімді ме? Жадыны жақсарту үшін қалай тамақтанады немесе бір спорт түрімен айнлыса ма екен? Қандай кітап оқып, кино көреді? Қандай сайттар тіл үйренуге жақсы көмекші? Міне, осындай сұрақтарға жауап беріп тұрса, неге шықпасын?! 

– ҚазҰУ-да қандай мықтылар оқыды, олар туралы аңыздарды білесің бе деп материал дайындап әкелсе, қанекей! 

Ал ҚазҰУ тарихы немесе Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздігін алды деп басталатын мақалаларыңыз жарамайды. 5-сыныпта оқитын оқырмандарымыз ондай хат жазбайды! Олардың өзінің айтары бар. Студенттеріңізге дұрыс бағдар беріңіздерші, оқытушы-профессорлар! ҚазҰУ-ды бұлай сүйкімсіз етпеңіздерші!..

Дереккөз: Жадыра НАРМАХАНОВАНЫҢ Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: kazsu.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!