Қаз   Рус

Қазақ және Чебурашка

143 қаралды
0
Ермек ТҰРСЫНОВ
Воскресенье, 28 Янв 2018, 11:00

Біз – әлі күнге Абайдың руластарымыз, бөлек ойлағанның басын жарамыз

Қазіргі заманда қазақ болу өте тиімді.  «Осы ұлттың өкілімін» дегенді  бас пайдасына жаратуға болатынын түсініп алғандар көп. «Титулды ұлттанмын» деген ұран өтімді валюта сынды. Содан барып «кімнің қазақылығы басым» деген сауда басталды. 

Оқи отырыңыз
Болашағымыздың көрін өз қолымызбен қазып жатырмыз

 Ал, «Келін» фильмі біздің рухани деңгейімізді бағамдап берді. Көркеуделік шыңырауына осыншалықты құлдырап кеттік?! – деп кім ойлаған. Әлі күнге өнер эстетикасы дегеннің не екенін түсінбейміз. Ақиқат пен аңыздың ара-ігін ажырата білмейміз. Ертегіден тарихи  шындық іздейміз.

Танымның таяздығынан барлығын өз тарапымызға қабылдаймыз. Аз білеміз, көп сөйлейміз. Өзіміз сауатсыз бола тұра өзгелерді оқытамыз.

Рухани көсемдеріміздің кеудесі дауылпаз сынды бос, қағып қалса даңғұр-дұңғұр етеді. Алысқа ұзай қоймаған кезеңнің ащы сабағы да түк ұқтыра алмапты. Қай жағымызға қарасақ та жау елестейді. Бойымызды түрлі фобиялар мен үрей жаулап алған.

Біз – әлі күнге Абайдың руластарымыз, бөлек ойлағанның  басын жарамыз. Жиырма бірінші ғасыр жеткеніне қарамастан жетіліп кете алмаппыз. Құрамы мен сапасы  көз қуанта алмайтын ұлтпыз.  Өте өкінішті.

Мен жалпыны жазғырып отырған жоқпын. Бірақ кітаптың бетін кінәрат табу үшін ашатын адамдар бар. Теңізге телміре қараса да үлкен  шалшықтан өзге түк көрмейді ондайлар.

Қайта өрлеу кезеңіндегі суретшілердің картинасын қарап тұрып, әйел бөксесінен басқа ештеңе байқамайтын адамдар бар. Әркімнің өз өлшемі, талғамы болады.

Асыра сілтесе  Чебурашка мен крокодил Генаны бір-бірімен әуейі етіп шығаруға болады. Әркім мына әлемге өз көзімен қарайды, өлшейді. Білімінің, тәрбиесінің жеткеніне, тіпті ақыл- есінің шамасына қарай ой түйеді.  

Фото: bestiary.us.

Аударған Серік ӘБІКЕН.

                                                                                                                   

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.