Қаз   Рус

Жан жауратқан желтоқсан

396 қаралды
0
Серік ӘБІКЕН
Понедельник, 18 Дек 2017, 14:30

Жүрегінде оты, бойында намысы бар қазақтың көз жасы неге дәл осы айда төгіледі?

Желтоқсан... Бейкүнә қан мен нақақ жас көп төгілген ай. Ол келсе қазақ селт ете түсетін болды. Денең тоңазиды, тітіркенесің, көмейіңе өксік кептеледі... Көкбөрі сынды көкке қарап ұлуды армандайсың, бірақ, аруана сынды боздаумен келесің... Желтоқсанның ызғарлы лебі адамдар жүрегіндегі жылылықты өшіріп, қатыгездік деген қара ниетті ілестіре келетіндей қазақ даласына... Аязы тәніңді... жоқ, жаныңды шымшылайды, тістейді... ауыз салған жерінен жұлым ет жұлып алады. Сыздықтап қан ағады. 1986 жылғы көтерілістің жарасы жазылмай жатып Жаңаөзенде қан төгілді, 16 қандасымыз өз қақысын талап еткені үшін шейіт болды.

Оқи отырыңыз
Сары ит және саясат

Сұмдық! Қазақ қазақты қоян қуып жүріп атқандай қырып салды. Арандатқан ӘБЛЯЗОВ екен. Билік өкілдері «бұндай шара ақшалы арамзаларсыз жүзеге аспайды!» – деп сенімді дауыспен айтты. Онда 1986 жылғы көтерілісті де біреулер ұйымдастырғаны ма? Олар неге ізделмейді, жазаланбайды Д.А.ҚОНАЕВТЫҢ, қазақ алыбын шырылдай қорғаған Қайрат, Ерболдардың жазығы не еді?

Жаңаөзенде қанқасапқа ұшыраған азаматтарың ше? Арандатушылар халықты отқа итергенін «біліп отырған» биліктегі «данышпандар» неге қару қолдануға рұқсат етті, әлде, бәрі жабылып Әблязовтан айласын асыра алмады ма? Қырықтың ақылы бір арамзаға жетпесе...

Желтоқсан. Сұрағы көп, жауабы жоқ ай. Дінбаян мен Жақиядай қос перзенті жау қолына түсіп Исатай батыр егілген, ортадан шыққан опасыздар «Кенесары Қасымовтың елірген ордасын түп-тамырымен жойыңыз» деп ақ патшаға шағым жазып, қазақтың соңғы ханын күңіренткен желтоқсан бұл...

Жүрегінде оты, бойында намысы бар қазақтың көз жасы неге дәл осы айда төгіледі? Осы айдың ызғарындай пейілдердің кесірінен қазақ тарихын жапқан тоң барған сайын қалыңдап барады. Бергіні қойғанда 1856 жылғы желтоқсанда бұрқ ете түскен, Жанқожа НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ бастаған Сыр қазақтарының орыс отаршыларына қарсы көтерілісін ұрпаққа кең насихаттамай келеміз. «Қазақ отаршыларға қарсы соғысқан!» – деген сөзді сыбырлап жеткіземіз. Дұрысын айтқанда, ұрпағымызды оятып алудан қорқамыз. Олар да суыққа тоңып, ықтасында мүлгіп кеткен адам секілді бүріскен күйге түсуі керек... Өзімізге ұқсасын...

1905 жылдың желтоқсанында қазақтың 4 перзентінің бірі болып Ресейдің І Мемлекеттік Думасына депутат болып сайланған Ә.БӨКЕЙХАНОВ 1917 жылдың желтоқсанында өткен екінші жалпықазақ съезінде Алаш үкіметінің, Тұңғыш Қазақ автономиясының Тұңғыш басшысы, қазіргіше айтсақ, Президенті болып сайланды. Енді көктей бастаған ел үміті аз уақыттан кейін үсік шалып, солды... Әлекеңнің сенімді серігі болған Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ соңғы демі де желтоқсанның суық лебі жұлып әкетіп еді. Әлекең мен Ахаңдар бастаған рухы биік, намысы ерен, ұлтшыл азаматтарға қазіргілердің көзқарасы... Аруағынан қорқатындай көрінеді... Жарайды.

Оқи отырыңыз
«Халық желтоқсандықтардан әрқашан ерекше ерлік күтеді»

1991 жылы тәуелсіздік алдық. Кеңес Одағының мұрагері болған Ресей 8 желтоқсанда азат ел екенін жарияласа, біз 16 желтоқсанда «Тәуелсіз мемлекет!» атандық?! Бұл – Балтық жағалауындағы елдер 2-3 жыл бұрын егемендік алып алған, тіпті, қырғыз-өзбекке дейін «мейірімі мол» көршіден құтылып үлгерген кез еді. Неге кешеуілдедік? Бұл да тоң астындағы түсініксіз оқиға.

Бірақ шүкір! Әйтеуір ел аңсаған азаттыққа қолымыз жетті. Бастысы сол. Қалғанын жылдар өткен соң аярлықпен алысудан шаршамайтын кәрі тарих өзі орын-орнына қойып, түсіндіріп берер. Тәуелсіздік баянды болса, ұрпағымыз азат елде өмір сүрсе, әрине... Қазақтың қыр арқасына батып бара жатқан Кедендік Одаққа ену жайлы келісімге де қарашаның қара суығын желтоқсанның боранды күндері алмастырар сәтте қол қойылған екен... Өзі берген еркіндігін өзі алып қояды ма деген күдік күн сайын үдеп келеді.

Желтоқсанмен бірге көңілге мұң кіреді. Тек Аяз атасын ертіп, Ақшақарын жетелеп, шырша жағудан шаршамайтындар ғана мәз...

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности