Қаз   Рус

Тәуелсіздік алғалы қазаққа қарсы саясат жүргізіліп жатыр

1309 қаралды
0
Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ
Воскресенье, 25 Фев 2018, 11:00

Режиссер Еркін Рақышев латын әліпбиіне көшуге неге қарсы

Еркін Рақышев - тәуелсіз тақырыпта түсірілген кинолардың көшбасында тұрған режиссер. Бір кездері  ресейлік телехикаялар мен өзбектің көркем фильмдерінен бас көтере алмай отырған көрерменге  Рақышевтың «Жаралы сезімі» мен «Жетімдері» экранға ұшқын бергендей  болды. Әуесқой режиссердің еңбектерін сынға алғандар қатары аз болмады. Алайда, тың тақырыпты қозғап, үнемі ізденісте жүретін ол қажырлы еңбегінің  арқасында кино әлемімен біте қайнасып кетті.

Оқи отырыңыз
Келіннің аты - келін

- Еркін аға, естуімізше сіздің кино әлеміне келгеніңіз де қызық сияқты.  Осыны өз аузыңыздан естісек қалай болады?

- Бір күні үйге түскі асқа келсем, әйелім теледидарға телміріп отыр екен. Тамақ дайын ба деп сұрасам: «Өзің салып іше бер»- демесі бар ма? Бұған не болып қалды деп, қасына тақасам өңі сынық,ағыл-тегіл жылағанға ұқсайды.  Сосын мұның жүрегін селт еткізген не болды екен деп, сыр тартсам, өзбектің «Фатима мен Зухра» деген киносын көріпті. Соған да жылайсың ба, мен бұдан да жақсы кино  түсіремін керек десең деп, күлмесім бар ма. Сөйтсем: «Cен әуелі түсіріп ал, содан кейін мақтанасың» -деп қарап тұр. Содан арада алты ай өткенде «Жаралы сезім» атты алғашқы туындым экранға шықты. Негізінде әйел адамдарға үйдегі азаматын осылай қайрап  тұру қажет сияқты...

-  Содан бері  біраз фильмдер түсіріп үлгердіңіз. Ал, қазір көрерменге  қандай дүние дайындап  жатқан жайыңыз бар?

- Қазір жапондармен бірігіп кино түсіріп жатырмын.Фильмнің атауы нақты бекітілмеді. Әзірге «Астана күні ызғарлы» деп атап жүрміз.  Бұл кино жүрегі ауыратын жандардың дертіне  дауа табатын туынды болады. Себебі жапон елінде  жүрек және қантамыр ауруларының алдын алу мәселесі  күн тәртібіне қойылған. Сол себепті олар ұзақ жасайды. Сонымен қатар туынды шытырман оқиғаларға да толы. Оны кино экранға шыққанда тамашалайтын боласыздар.

-  Біз ендеше Еркін мырза Жапон елімен бірігіп үлкен жобаны қолға алып жатыр дегенді естіп едік. Ол бастамаңыз қазақтың игілігіне жарайтын дүние ме?

- «Қазақ-Жапон жүрек қан тамырлары ауруларының алдын алу орталығын» ашып жатырмын. Манағы жоғарыда айтылған фильм де осы жобаның бір бөлігі саналады. Мен осыдан екі жыл бұрын жүрек және қанайналым жүйесінің бұзылуынан болатын аурудың салдарынан бірнеше рет ауруханаға түстім. Соңғы бесінші рет түскенімде  қатты ойландым. Себебі қанша рет дәрі- дәрмек беріп емдесе де, еш нәтижесі болмады. Содан өзімді өзім емдеуге бел будым. Сөйтіп сонау Тибет, Қытай,сынды түрлі елдердің медицинасын зерделей келе, жапон халқының емдеу методикасына тоқтадым. Қарап отырсам, күнделікті тұрмыста еш қиындықсыз жолмен  жүрек ауруларының алдын алуға   болады екен. 

- Сіздің  аңыз бойынша  көкбөріден тарағанымызды көрсететін «Көкжалдар» атты кино түсіргеніңізді білеміз. Осы туындыңыз үлкен экранға қашан ұсынылады?

- Бұл кино бұйырса алдағы сәуір айынан бастап кинотеатрларда көрсетіледі. Жалпы түркі халықтарын аңыз бойынша  қасқырдан тараған дейді ғой. Ал шын мәнісінде қасқырдан адам тумайды ғой. Киноның басты идеясы-  көрерменге осы аңыздың шығу себебебін түсіндіру. Өйткені біздің ата-бабаларымыз  болашақ ұрпағымыз қасқыр сияқты қайсар болып, қақыр сияқты салтына, сертіне  берік болса екен, қасқыр сияқты ешкімге бағынбай,  еркіндікте өмір сүрсе екен деп армандаған. Бұл осындай арман қиялдан туындаған аңыз әңгіме  болса керек. Біз қазір барысты пір тұтып, соған сыйынып жүрміз. Шын мәнісінде  символымыз көк бөрі болуға тиіс. Менің туындым осыны дәріптейді.

- Әуесқой киногерлер экшн, трэйлер, комедия сынды кассалық қайтарымы бар дүниелерді түсіріп жатқанда, сіздің деректі фильмдер түсіргеніңізді  қалай түсінуге болады.  Әлде мұндай фильмдерге мемлекет тарапынан арнайы қаражат аласыз ба?

- Мен Тұрар Рысқұлов, Темірбек Жүргенов және ашаршылық тақырыбына деректі туындылар түсірдім. Тұрар Рысқұлов туралы киноны бар болғаны үш миллион теңге қаражатқа түсірдім.Негізі Қазақфильмге жүктелген міндет болса керек. Бюджеті аз болған соң ешкім қолға алмаған. Маған ұсыныс жасаған соң, бірден келістім. Есесіне архивтерді ақтарып жүріп, Тұрар атамыздың Мәскеудің түбіндегі Комунарка деген бауырластар зиратында   жерленгенін таптық. Бұрын ол жер Ягода деген НКВД-нің басшысының саяжайы болған.  Осы уақытқа дейін құпия болып келген бұл жерде Нәзір Төреқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың да жатқаны белгілі болды. Ал, Ашаршылық жайлы фильмді түсіруге  үкімет өзі ұсыныс берді. Мен берген уәдемде тұрып, туындыны түсірдім. Алайда, орыстарға тиіп кетеді деп қорықса керек, фильмді ауыр түсіріпсің деген сияқты  түрлі сылтауларды желеу етіп,  телеарнаға жібермеді. Көремін деген адамға бұл кино  ғаламторға жүктелген. 

- Сіз түсірген киноларды кезінде сынап-мінегендер қатары көп болды. Қазір олар айтып-айтып шаршады ма, әлде Рақышев өзін дәлелдеп берді ме?

- Рақышевпен алысып берекет таппайтындарын  түсінді ғой деймін.(Рахаттана күліп алды) Маған режиссерлық мамандығы жоқ, жоғары оқу орнын бітірмеген деп мін тақты ғой. Түсірген дүниелері көрермен көңілінен шыққан әуесқой режиссерлер менсіз де көп. Солардың арнайы  мамандығы болмаса да, фильмдерін көпшілік көріп жатыр. Барлығы адамның қабілет-қарымына байланысты сияқты. Өйткені ән айта алмайтын адамды қанша баулысаң да, одан жақсы  әнші шықпайды. Ал егер құдай тағала бойыңа таланттың ұшқынын берсе, оны неге ары қарай  дамытпасқа?!  

- Қазіргі түсіріліп жатқан кинолардың  кешегі Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықовтардың туындыларындай өміршеңдігі неге жоқ?  Бүгін көрген дүниеміз күні  ертең жадымыздан шығып кететіні несі?

- Көрермен жүрегінде сақталатын туындылардың болмау себебі-  түсіруші режиссердің  қабілеті болмаса, ал, қабілеті барлардың қаржысының жоқтығында деп ойлаймын. Бірақ қазіргі қазақ киносында алға ілгерілеушілік бар. Осыдан он жыл бұрын жылына екі үш кино түсірсек  қуанатынбыз. Қазір жылына жүз шақты фильмдер түсірілетін болды. Бастысы сан бар. Сан болса сапа да артады деген қағида бар. Болашақта шетелдің нарығына қазақ кинолары шығады деп сенемін. Еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрін сол арқылы өзгелерге танытамыз. Ондай дүниелерді жасайтын талантты киногерлер бізде бар.

Оқи отырыңыз
Қайрат Түнтеков: Біздің елде шоу-бизнес жоқ

- Күні кеше ғана латын әліпбиінің жаңа нұсқасы президент жарлығымен қабылданды. «Латынға көшу- ұлтты құртудың  жымысқы саясаты» деп едіңіз. Осы райыңыздан таңып қалмадыңыз ба?

- Әрине латын әліпбиіне көшуге қарсы болғаным үшін мені жек көріп кеткендер бар шығар. Бірақ өз ойымды айту азаматтық парызым. Осы реформаға неге қарсы екенімді айтайын. Себебі латын әліпбиіне тек қазақтар ғана көшіп жатыр. Ал, орыстар мен орыс тілділер кириллицада қала береді. Оны президентіміз өз сөзінде айтқан. Бұл дегеніміз- мемлекеттің жартысы латынша оқиды да, жартысы кириллицада оқиды деген сөз. Екі әліпбиді меңгерген бір елдің азаматтары ертең бір-бірін қалай түсініп, бір мекемеде қайтып жұмыс істейді? Осыған миым жетпейді.Тек қана қазақтарды латынға көшіруіне қарсымын. Егер латын графикасымен оқытқысы келсе,  орыстарға жалтақтамай, тұтастай мемлекетті көшірсін. Менің ұстанымым осы. Негізінде ұлттың болашағына қатысты мәселелерді  әділетсіз қоғамда шешуге болмайды. Мына биліктің қазаққа жасаған жақсылығын бетіме айтатын адам бар ма? Қазақ емес «қазақстандық» боламыз деп айды аспаннан шығарған осы билік емес пе еді?  Жерді сатамыз деген де осы билік емес пе? Мектептегі математика, химия, биология сияқты  пәндерді  ағылшын тілінде оқытам деп жүрген де осы  билік. Мұның барлығы ұлтты құртуға арналған жоспарлы саясат. Латынға көшуден бұрын алдымен әділетті қоғам орнатып алайық.  Одан кейінгісін өзгерту қиын емес.

- Жер дауының басы-қасында жүрген ел азаматтары жуырда заң баптарына енгізілген өзгертулер жеріміздің шетелдіктердің қолына  өтіп кетпеуіне кепілдік бере алмайды дегенді айтып даурығуда. Қазақтың жері үшін қазақ пен қазақтың дауласуы сіз үшін «біртүрлі» көрінбей ме?

- Маған «біртүрлі» көрінетіні мына мәселе. Жер дауы  шыққаннан  кейін президент бес жыл ішінде ешқандай жер шетелдіктерге сатылмайды жалға да берілмейді деп арнайы мораторий жариялады. Мәселенің нүктесі қойылды ғой деп, демімізді алып едік, сатамыз ба, жоқ па деген талқылаулар басталып кетті. Бұл айналып келгенде елбасына сенбейміз деген сөз ғой. Екіншіден, осы жер мәселесін көтерген Талғат Аян мен Макс Боқаевты соттап жіберді. Парламент пен сенат жер мәселесін біржолға қоямыз десе, алдымен осы азаматтарды бостандыққа шығарудан бастасын.

Оқи отырыңыз
Жазира Қошанова: Шетелдіктің ермегіне айналмадым

- Тіл мен жерден басқа  титығыңызға тиетін мәселе жоқ па?

- Тәуелсіздік алғалы барлық салада қазаққа қарсы саясат жүргізіліп жатыр. Мен мына биліктің қазаққа жасаған бір жақсылығын есіме түсіре алмаймын. Байтақ жеріміздің асты-үсті толған байлық. Бірақ содан қарапайым халық не көріп отыр, айтыңызшы?! 

Байлықтың бәрін сатты, білім саласында былыққа батты, әлемдегі бар азғындық біздің телеарналардан көрсетіле береді. Экономика деген атымен жоқ.Тек қана мұнайды сатқанды білеміз.  Ешқандай салада жетістігіміз жоқ.

Фото режиссердің мұрағатынан алынды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.