Қаз   Рус

Шұжық өнімдерінің 13%-нан шошқа ДНК-сы анықталды

202 қаралды
0
Гүлназ САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ
Пятница, 26 Янв 2018, 16:15

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Нұрқан Сәдуақасов хабарлады

Астана қаласы Департаменті былтыр санитарлық-эпидемиологиялық сараптама өткізу үшін  129 сауда және қоғамдық тамақтану орындарында 3237 азық-түлік және тұрмыстық өнімдерге зерттеу жүргізген. Оның 17 пайызы ЕАЭО техникалық регламентіне сай болмай шыққан.

Бұл өнімдердің 45 пайызынан таңбалау бойынша талаптарды бұзу фактісі тіркелген. Оның ішінде тұтынушыны алдау оқиғалары көп. Мәселен, құрамында шошқа ДНК-сы, ГМО немесе соя бар екенін жазбай, тұтынушыны жаңылыстыру көрсеткіші – 13 пайызға тең болған.

«Тұтынушылар, көбінесе, ет өнімдерін сатып аларда алданып қалады. Ресейлік және отандық өндірушілер оның құрамын толықтай көрсетпейді. Жұмыс барысында ет өнімдерінің 54 сынамасынан шошқа ДНК-сы анықталды. Оның 11 сынамасы ресейлік, ал қалған 43-і қазақстандық өндірушілерге тиесілі. Тиісті шараларды қабылдау үшін Астана қаласы ІІД-не 3 хат жолданды», - дейді Департамент басшысы Нұрқан СӘДУАҚАСОВ.

Жаңғақ пастасы, бидай крекерлері, құлпынай тортына арналған дайын қоспа, АҚШ өндіретін картоп сорпа-езбесінің құрамынан ГМО анықталған. Тұтынушыларды алдау фактісі сүт өнімдері бойынша да тіркелген. Санитарлық талаптарды бұзу бойынша деректерге келсек, Грузияда дайындалған лимонадта бензоил қышқылы шамадан тыс жоғары болса, Қырғызстаннан тасымалданған шырын өнімдерінен де сәйкессіздік табылған.

Оған қоса, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер қырғызстандық «АТА» кондитерлік фабрикасы мен «Қағанат» асханасы, «Асыл нан» ЖШС, «Нұр-Әділ» ЖК өнімдерінен тіркелген.

Азық-түліктен бөлек, Департамент басшысы ата-аналарды балалар ойыншықтарын таңдауда өте абай болуға шақырады.

«Астана қаласында зерттеу үшін сатып алынған ойыншықтардың таңбалау бөлігінен заң бұзушылықты көрдік. Ол ойыншықтардың 80%-ы Қытай, Ресей, Өзбекстан, Беларусь Республикасы мен Қырғызстаннан келеді. Ата-аналар, балаларыңыз үшін ойыншық алатын кезде оның құрылым материалы, жас бойынша шектеулері мен өндіруші компанияның белгісіне мән беріңіздер. Базарларда ойыншықтың қауіпсіздігін растайтын құжатын, сәйкестік сертификатын сұраңыздар», - деді Нұрқан ОЛЖАБАЙҰЛЫ.

Департамент басшысы халыққа сырттан тасымалданатын алмаларды пайдалану бойынша да кеңес бере кетті.

«Оларды ұзақ мерзімге сақтау үшін өндірушілер не нәрсеге де дайын. Сонау алыстан алып келу, сақтау оңай емес. Біз, әрине, зерттеу жүргіземіз. Бірақ барлық тауарға емес. Сондықтан мұндай алманы жылы суға жуып, егер дәмі ұнамай тұрса, сыртын аршып жеген дұрыс.

Баяндаманың басынан соңына дейін азық-түлік сатып аларда абай болуға шақырған Департамент басшысы жергілікті алмаға қатысты «Қорықпаңыздар, жергілікті алмадан ешқандай қауіп жоқ. Өзім сыртымен қосып жеймін» деді.

2017 жылы Астана қаласы бойынша азық-түлік және тұрмыстық шаруашылық өнімдері сапасын тексеру кезінде жалпы 3 834 610 теңгеге айыппұл салынған екен.

Фото: all.biz, автордікі. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.