Қаз   Рус

Шымкент тұрғыны ОҚО әкіміне: Сізді көру арман болды ғой!

6050 қаралды
0
Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ
Среда, 07 Фев 2018, 21:20

Қала әкімінің есебіне келген тұрғындар шаһар басшысын емес, облыс әкімін көргеніне қатты қуанды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Нұрлан САУРАНБАЕВ халықпен есепті кездесуін өткізіп, атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндама жасады.

Оқи отырыңыз
ОҚО-да шенеуніктің әйелі миллиондаған тендерді қалай алып жүрген

Оның айтуынша, өткен жылы қалада 4310 отбасы баспаналы болған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 36 пайызға артық. 

Айта кетерлігі, жуырда қалаға қарасты әл-Фараби ауданы әкімінің халықпен кездесуіне қатысып, басы бәлеге қалған Сауранбаев мырза бұл жолғы кездесуге жақсы дайындалып келгендей болды.

Оқырманға түсінікті болу үшін айта кетейік, тек қазақ тілінде баяндама жасаған әл-Фараби ауданының басшысы неге орыс тілінде сөйлемеді деген шымкенттіктің өтініші алдағы уақытта ескерілетінін айтқан Нұрлан Сауранбаев ойын шала қазақ тілінде жеткізген болатын.

Бүгінгі кездесуде мемлекеттік тілге қатысты туындаған шуға қатысты сұрақ қойған тұрғын да табылды. Талай лауазымды қызметтерді атқарған қоғам қайраткері, тіл жанашыры Шалатай Мырзахметов мемлекеттік тілді дамытуға шектеу қойды деп көпшілік арасында айыпты болған әкімге төмендегісінше сауалын жолдады:

«Жақында бірқатар БАҚ-та сіздің есеп берген лауазымды шенеунікке неге мемлекеттік тілде ғана сөйледіңіз деген ескерту жасап, мемлекеттік тілдің дамуына шектеу қойды деген ақпарат жарияланды. Осы шектеу қойған кезде Елбасының тіл туралы саясатын толыққанды қолдап жатырмын деп ойлайсыз ба? Сіз басқарып отырған қаланың 80-90 пайыз халқы күнделікті өмірде мемлекеттік тілді пайдаланады. Бұл шектеуіңіз көпке топырақ шашу емес пе? Осы ұстанымыз қала басшысына жарасымдылық деп ойлайсыз ба?»,- деп сауал жолдады тіл жанашыры.

Шымкент басшысы тұрғындар тарапынан мұндай сауалдың қойылатынын іші сезді ме, әйтеуір өз жауабымен залда отырған халықтың қошеметіне бөленді.

«Қайрат деген атым бар, қазақ деген затым бар. Еркек тоқты құрбандық, "атам" десең, атыңдар!» Ендеше, Расул Гамзатовтың сөзі бар «Егер менің тілім ертең жойылатын болса, мен бүгін өлуге даярмын» деген. Бұл жерде мен сізге көмекші боламын, аға. Бірге жұмыс істейік», деп жауап берді Шымкент басшысы.  

Айтпақшы, халықпен кездесуде әкімнің жұмысына қатысты мінберге шығып пікір білдіргендердің бірі облыстық мәслихаттың депутаты Рәшкүл ОСПАНӘЛИЕВА ажырасу мәселесін көтеріп, жергілікті билікті идеологияға көңіл бөлуді шақырды.

Ал жазушы Байдулла ҚОНЫСБЕК болса, өзінің "көкесіне" көше атын беруді сұрады.

«Менің 10 жыл бойы айтып келе жатқан бір ауыз сөзім бар. Облыстық газетті ширек ғасыр басқарған Әмірсейіт ӘЛИЕВ деген менің көкем бар. Сол  кісіге Шымкент қаласынан бір көшенің аты бұйырмай отыр. Облыстағы жазушылар, қаламгерлер болып қала, облыс, тіпті Астанаға дейін хат жаздық. Осы мәселені  қолға алсаңыз, Нұреке. Осы мәселеге назар аударып көріңізші», деп өтінішін жеткізді Байдулла Қонысбек.

Ең қызығы, жарыссөз кезінде орын алды.

Инфрақұрылымдық мәселелер мен қоғамдық көліктердің проблемасын көтерген тұрғындардан бөлек «Достық» шағынауданында тұратын кейуана өз өтінішін жеткіземін деп бүкіл залды күлкіге қарық қылды. Қанша уақыттан бері облыс әкімінің қабылдауына кіре алмай жүрген тұрғын есепті кездесуге келген аймақ басшысы Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВТЫ көріп, қуанышын жасыра алмады.

«Жансейіт аға, сізбен өмірімде беттескеніме бақытты шығармын. Арман болды маған. Сіз әкім боп келгенде «халықтың мәселесін шешетін бір азамат келді ғой» деп қуандық. Сіздің есеп беру жиналысыңызға (бұған дейінгі кездесуі) барған едік үш зейнеткер болып, бізді есіктің алдынан сүйреді. Үш зейнеткерді машинаға тығып, түрмеден қашқан адам ұқсап үйге апарып тастады артымыздан қарауылдап. Құдайға шүкір, сізбен бетпе-бет кездесіп отырмын. Енді қабылдауыңызға кіру мен үшін өле-өлгенше бір арман болды» деген кейуананың сөзі Түймебаев мырзаны ұялтып жіберген болу керек, бірден «Сізге арнайы жолығамын» деп жауап берді ол.

Одан өзге кейуана жергілікті әкімдердің қабылдауында болудан гөрі Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВПЕН кездесу оңайға соғатынын ашынып жеткізді.

Залға жиналғандардың ішінде Шымкент әкімін емес, облыс басшысын көруге келгендер басымырақ болды ма деген ойда қалдық.

Сауалын жолдаудың кезегі бұйырмаған бір тұрғын «Менің есімім Түймебай, маған Түймебаев керек!» деп зал ішінде айқайға басса, келесі бірі «Мені қабылдауыңызға жазыңызшы» деп жергілікті билікке өтінішін білдірді.

Айтпақшы, жиынды қорытындылаған Жансейіт Түймебаев баяндамашының атқарған жұмысы ұжымның еңбегі деп кесіп айтты. 

«Бүгін мінеки, Шымкент қаласының жаңа әкімінің есебін тыңдап отырсыздар. Шымкент қаласы әкімінің жалпы нағыз есебі келесі жылы болады деп ойламын. Өйткені келгені жақында. Бұл әкімдіктің, коллективтің есебі» деген Түймебаев қалада ретсіз салынған үйлер қойдың құмалағындай шашылып кеткен көрініске ие болғанын айтып, тұрғындарға кінә тақты.

«Соларды сіздер, біздер болып бірге реттеуіміз керек... Негізгі жолдарды реттедік... Енді сол жобасыз салынған баяғы «дача», баяғы «нахаловкалар» соларды жайлап-жайлап реттеп жатырмыз. Оны барлықтарыңыз көріп отырсыздар. Енді салған үйлеріңізді көпшіліктеріңіз неге ақтамайсыздар (автор: әктеу), неге ағаш екпейсіздер? Неге шарбақ жөндемейсіздер? Үй деген үй сияқты болу керек қой», - деп аяқтады сөзін облыс әкімі. 

Фото автордікі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.