Қаз   Рус

Шүкеев кімге көмектесуге асығып жүр?

1668 қаралды
0
Марат АСИПОВ
Среда, 31 Янв 2018, 09:00

Неге «ҚазАгро» ұлттық компаниясына жетімдердің жәрдемақысы қаржылық көмек ретінде берілмек

Өмірзақ ШҮКЕЕВ вице-премьер және ауылшаруашылық министрі орны тағына жайғаспай жатып, астықты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының ақшасына сатып алу туралы шешімді шығарды.

Оқи отырыңыз
Шүкеев жүрген жерде шөп шыға ма?

Демек, үкімет ұлттық компанияны мүгедектер мен балалардың жәрдемақыларымен сақтандыру төлемі есебінде құтқарып қалмақ. Ұзақ жыл бойы еңбектеніп келе жатқан атақты менеджерлеріміздің арқасында елімізде тегін жатқан ақша қалмаған-ау. Сондықтан да фермерлерге көмектесеміз деген игілікті істің желеуімен жетім балалардың аузынан жеп отырғандарын жырып алуға тура келді.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Ұлттық қордың ақшасына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на құнды қағаздар сатып алынған еді. Борыш 2062 жылға дейін өтелу керек. Сыйақы мөлшері 0,01 пайыз.

Бұндай тым ұзақ мерзімді және аз пайыздық несие біткенше оны бергендер мен алатындар да тірі болмас. Жә, бұл жөнінде соңыра айтармыз.

Әзірге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 60 млрд теңге берілгелі тұрған «ҚазАгро» компаниясының қаржылық жағдайына тоқталайық. 2017 жылдың соңғы тоғыз айында «ҚазАгроның» жалпы шығыны 80,9 млрд теңге еді! Бүгінгі күнге дейінгі шығыны болса 155 млрд теңге.

Қызығы компания қалайша осыншама зиян шеккен.

Қос банктың жабылуынан («Казинвестбанк» және Delta Bank ) «ҚазАгро» 11,6 млрд теңгесін жоғалтты.

Қордағы астықты бағалау тәсілі өзгерісімен қордағы астықтың бағасы 1,4 млрд теңгеге азайды. Мемлекет «ҚазАгро» иелігіне 16 млрд теңге көлеміндегі астықты берді. 2016 жылдың 31 желтоқсанда аграрлық корпорацияда 13,3 млрд теңге көлемінде астық болған.

«ҚазАгро» көбіне операциясын шетелдік валютада жасайды. Яғни теориялық тұрғыдан ұлттық компанияның менеджерлері қауіп-қатерді ескерулері керек. Өйткені біздің Ұлттық банк басшылары девальвацияның болғанын бұқарамен бірге естіп-біліп жатады.

2015 жылы ұлттық компаниялардың көбі өз активтерін шетелдік валютада ұстап отырған. Қазақстан даму банкі «Қазына Капитал Менеджмент» компаниясымен 2020 жылға дейін өтейтін болып валюталық айырбас бойынша келісім шарт жасасқан.

Оқи отырыңыз
Умирзак Шукеев потерял 27,726 млрд

Келісім шарт бойынша «Қазына Капитал Менеджмент» 2020 жылға дейін Қазақстан даму банкіне 187,65 теңге бағам бойынша 50 млн АҚШ долларын сатуы тиіс.

Осылайша ҚДБ-кі «Қазына Капитал Менеджмент» компаниясына бұл келісімнің пайызы ретінде 816,3 млн теңге төледі. Естеріңізге салайық, бүгінгі күні доллар бағамы 320 теңгенің арғы-бері жағында.

«ҚазАгро» шетелдік валютамен жасаған операция кезінде 158,5 млрд теңге көлемінде зиян шеккен. 2016 жылдың соңында «ҚазАгроның» қаржылық активтерінің мөлшері 1,285 трлн теңгені құраған. Алайда 260,8 млрд теңгеге бағаланған активтің сапасы төмен болса, 217,7 млрд теңгелік активтің мерзімі өтіп кеткен. Әрине, бұндай жағдайда «ҚазАгро»-ға қаржылық қолдау қажет-ақ. «ҚазАгро»-ға үнемі құйылған миллиардтаған қаражатты жәрдемақыға жатқызуға болады.

2015 жылы компания 60 млрд теңге алса, 2014 жылы 40 млрд қаражатты жұта салған.

Оқи отырыңыз
Құл-Мұхаммедтің миллиондары

2016 жылдың басында үкімет «ҚазАгро»-ға көктемгі суғару мен күзгі жинау науқанына  60 млрд теңге бөлген. ( 0,01% мөлшерде) 2009 жылы Ұлттық қордан 120 млрд теңге ( 0,02% мөлшерде) берілді. Бұл сомаға Ұлттық банк «ҚазАгро»-ның құнды қағаздарын сатып алды. Бұл борыш 2023 жылы өтеліп бітуі тиіс. Алайда, 2015 жылдың соңында Ұлттық банктің сол кездегі төрағасы Қайрат КЕЛІМБЕТОВ уақытты 2041 жылға дейін ұзартады.

2016 жылдың соңында «ҚазАгро» 70 млрд теңгеге құнды қағаздар шығарады. Ол кезде Ұлттық банк басшылығына Данияр АҚЫШЕВ келіп ұлттық компанияның құнды қағаздарын аз пайыздық мөлшерде сатып алу мәселесі жабылады. Енді «ҚазАгро» құнды қағаздар үшін нарықтық сыйақы жылдық 14 пайыз мөлшерінде төлейтін болады. 2017 жылы үкімет «ҚазАгро»-ның жарғылық капиталына тағы да 15 млрд теңге салады.

Бұған дейін 2013 және 2014 жылдары «ҚазАгро» шетелдік валютамен 1,6 млрд АҚШ долларын 4,625%, 3,255% мөлшерінде несиеге алған. Бірақ та топ-менеджерлер қаржылық қауіп-қатерді ескермеген. Оның алдын алатындай қарекет жасамаған-ды. Сондықтан несиенің қарызы 317,9 млрд теңгеден 567,6 млрд теңгеге дейін өсіп кеткен. Айырмасы – 250 млрд теңге!

Айта кетейік, бұл несиелер «ҚазАгро»-ға берілгенде пруденциалды нормативтарды орындау міндеттелген. Компания дефолт жарияламағанына қарағанда талаптар орындалуда. Бәлкім бұл міндеттеме үкіметтің жыл сайын бөліп жатқан ақшасының есебінде орындалып жатыр деп болжауға болатын шығар.

Енді панасыз қалған және мүгедек жандарға берілетін жәрдемақы хақында сөз қозғасақ. Мамандардың болжамынша, егер теңге он үш пайызға құнсызданатын болса «ҚазАгро» 100 млрд теңге көлемінде шығынға батады. Соңғы екі жылда ұлттық валютамыз девальвацияға ұшырағаны белгілі. Яғни теңге тағы да теңселсе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан «ҚазАгро»-ға құйылған қаражат жоғалады.

Оқи отырыңыз
К кому Шукеев спешит на помощь?

Бір ғана сұрақ: бізге үнемі қыруар ақшаны жұтумен айналысатын мекеме не үшін керек? Дербес жүріп табыс таппайтын компанияны таратып жіберетін уақыт келген шығар. Жетімдердің жәрдемақысын салып басымызды қатерге тігу қаншалықты қажет?

Дегенмен, бұның өзіндік жай-жапсары бар.

Қазақстанда қандайда бір жобаға ақшаны нарықтық мөлшерлемемен кепілдікке дүние-мүлкіңді қойып банктен ақша алуға болады. Несиені өте алмай қалған жағдайда кепілге қойған дүниеңнен айрыласың. Алайда, ақылды адамдар банкке бармайды.

«ҚазАгро»-дан ақша алғандардың тізім көрсең, көптеген қызық адамдардың аты-жөнін кездестіруге болады.

Мәселен, Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат МАМИДЫҢ қыздарына тиесілі компания мен мәжілістің бұрыңғы төрағасы Жармахан ТҰЯҚБАЙДЫҢ компаниясы «ҚазАгро» құрамындағы «КазАгроФинанс»-тан Ақтөбе облысында жылыжай салу үшін 3,4 млрд теңге алған.

Бұл несиелер қандай шарттармен берілді деген сұрағымызға «бұл құпия» деген жауап алдық.

Мақала Ratel.kz сайтының сараптамалық қызметінің қатысуымен әзірленді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.