Заңсыз жер астына түсетін алтын іздеушілердің «қожайындары» қылмыстық жауапкершіліктен құтылған
2017 жыл «Қазақалтын» ТМК» АҚ шахталарында алтын іздеуші 20 адам жарақат алып, 7-і дүниеден озған.Олар күзет қызметінің ауызын майлап, өтірік құжат жасатып шахтаға түсіп жатады. Және техникалық қауіпсіздік мәселесіне бас қатырмайды. Бар мақсаттары тезірек қымбат металды тауып «Қазақалтын» жұмысшыларының көзіне түпей тайып тұру.
Асығыстық, техникалық қауіпсіздік пен геологиялық жағдайды білмеу қайғылы жағдайларға алып келеді. Соңғы үш жылдың ішінде алтынның жолында 16 адам құрбан болып, 34 адам ауыр дене жарақатын алған.2017 жылдың қаңтар айында Ақсу елді мекеніндегі №38 шахтада белгісіз жағдайда 1988,1990 жылы дүниеге келген екі алтын іздеуші қайтыс болды. Ал біреусін дер кезінде байқап қалып, құтқарушылар аман алып қалған. Бұл қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыланды. Әсіресе Ақсу мен Степногорск қаласының халқы. Пікір екіге жарылған еді. Бірі олар жақсы өмір сүргендіктен жер астына түскен жоқ десе, екінші жақ жігіттердің өздері кінәлі. Шындығында олар қылыстық іс жасап, заңсыз шахтаға түсіп алтын ұрлады деп жазғырды.
«Амалсыздан шахтаға түскен адамды сөз қылудың еш мәні жоқ. Ондай жүздеген адамдар бар. Бала-шағасына нан тауып беру үшін мыңдаған шақырым жерден осында келетін.Тірліктің қыспағына түскенде қауіпсіздік жайлы ойламайсың ғой!», - деп жазды Тимур есімді желі қолданушы.
Тимурдың бұл пікірін қолдағандар көп болды. Мәселен, Данияр есімді азамат: «Жігіттерді обал.Отбасылары асыраушысыз қалды. Олардың өмір жақсы болғандықтан бұл қадамға бармады ғой, деп жазды.
Айша есімді желі қолданушы болса шахтада туысқаным өліді деп жазды. «Ол жерде менің ағам болды. Сенің сөзіңде жан бар. Ол шахтаға қалтасынан ақша төгіліп жатқан соң бармады. Тек әйелі мен қызының еш нәрсеге мұқтаж болмағанын қалады. Алайда бақиға аттанып кетті,- деп пікір қалдырды айша.
Көпшіліктің ашуын Олег есімді азаматтың пікірі келтірді. «Сіздердің сөздеріңізге қарасам. Жұмыстан шығып қалсаң бала-шағам аш екен деп заңды бұзу керек екен. Газет сатып алып жұмыс іздеу ақымақтық па? Мен сіздерге мораль оқудан аулақпын. Бір-ақ нәрсені айтқым келеді. Заңды бұзған кезде оған жауап беруге дайын бол», - деп жазды ол.
Василий есімді жігіт; «Табысқа қатысты пікір алмасу ақымақтық. Жастар бірден ақшаның астында қалғылары келеді. Бұл оларға драйв беретін сықылды.Бұл мәселені жақсы білетіндер шахтерлар мен заңсыз шахтаға түсетіндердің жағдайларын біледі!», - деп жазды ол.
Қысқасы, жүздеген пікірлер жазылып, сан түрлі ойлар ортаға тастады. Бір-біріне қатты сөз айтқандарда болды. Бұл жерде екі жақтың бірін таңдау мақсатымыз емес. Басты мәселе мерт болғандардың отбасына ешқандай да көмек көрсетілмейтінінде. Өйткен, олар «Қазақалтын» ТМК» АҚ жұмысшылары емес. Сондықтан да оларға өтемақы берілмейді. Жарақат алғандарға жәрдем жасалмайды. Бұл аз десеңіз олар сотқа тартылулары да мүмкін. Сотталып кетулеріде ықтимал.
Әлеуметтік желідегі бұқара тағы бір проблеманы көтермеді. Заңсыз алтын іздеушілердің артында үлкен адамдар бар. Мәселен Сергей шахтаға түсу үшін біраз қаражаттың керектігін жазған-ды.
«Шахта астына түсу үшін 40 000 теңге, шығу үшін - 10 000 теңге, азық-түлік пен қажетті заттар салынған қап үшін 10 000-15 000 теңге. Арнайы құрылғыларды жер астына түсіру үшін ставка 1 000 000 теңгеден басталады. Жылына 200 миллион теңге. Әрине, бұл күлкілі сомма. Өйткені жер астынан одан көп ақша шығарады».
Шындығында да, қарапайым күнін көре алмай жүрген алтын іздеуші құрал-жабдыққа 1 миллионнан аса қаражатты қайда алады? Бұның сыртында жарылғыш зат пен күзетшіге беретін пара бар. Жә, алтынды алып шыққанның өзінде оны қайда өткізеді? Себебі өңірде бәрі бірін-бірі таныйды емес пе. Сырттан келген адамға тіптен қиын.
Әлеуметтік желі қолданушылары заңсыз шахтаға түсіп алтын іздеушілердің тағдырын талқылап отырғанда «Қазақалтын» ТМК» АҚ басшылығы бұл жерде кімдердің мүдесі жатқандығын біледі. Тек бір ғана қымбат металды ұрлану фактісіне жүргізген тергеу бұл жерде жолға қойылған схема барын аңғартады. Ал қарапайым алтын іздеушілер бұл жүйеде өз өмірлерін аз ғана ақшаға бола шүберекке түйген кішкентай адамдар. Қомақты ақша бұл қылмыстық схеманы ойластырған жоғарыдағы адамдарға тиесілі.
Тек екі мысал келтірейік: 2015 жылы екі бірдей ірі қылмыстық топ ұсталды. Бірін Степногорск қалалық ұйымдасқан қылмыспен күресу бөлімінің басшысы басқарса, екінші қылмыстық топтың басшысы Ақмола облысы прокурорының бұрыңғы орынбасары болған. Бұл екі қылмыстық топ «Қазақалтын» ТМК» АҚ –на үлкен зиян шектірді. Қалай ойлайсыз прокуратура мен полицияда жоғарғы лаузым иесі болғандар шахтаға өздері түсіп, алтын іздеді ме? Өз жасаған қылмыстары үшін жазаға тартылды ма?
Бұл сауалға біз келесі мақаламызда жауап беретін боламыз.
Ең бастысы алтын шығатын кен орындарына заңсыз «жорыққа» аттанушылар тоқтамайынша, шахтадағы адам өлімінің саны арта береді. Және ол үшін ешкім жауап бермейді.
Айтпақшы, 2013 – 2017 жылдары «Қазақалтын» ТМК» АҚ шахтасында 28 мың алтын іздеуші ұсталған. Олардан 115 келі алтын тәркіленген.