Қаз   Рус

«Күнделіктің» күйбеңі

985 қаралды
0
Меруерт ХУСАИНОВА
Понедельник, 27 Ноя 2017, 15:30

Кundelik.kz рейтінгісі мұғалімдер мен ата-аналарды мәжбүрлеу арқасында жасалып отыр

Еліміздегі мұғалімдерді бітпейтін қағаз толтыру машақатынан арылту мақсатында электронды «Күнделік.кз» жобасы жасалғаны мәлім.  Естеріңізге салып өтейік, электронды күнделік жобасының  сатылап іске қосылғанына бір жылдан асты. Алайда бұл жоба іске қосылған тұста-ақ, түрлі сынға ұшырады. Ә дегеннен, электронды күнделікті пайдалану мәселесі кесе-көлденең проблема тудырды. Алыстағы ауылдарды айтпағанда, үлкен қаланың іргесіндегі елдімекендерде «Күнделік.кз»-ті  пайдалану мүмкін болмай отыр. Себебі, күнделіктің бұл түрін пайдалану үшін интернет қолжетімді болуға тиіс.

«Екі күнделік толтыруға мәжбүрміз»  

Оқи отырыңыз
Мектеп концертке билет сататын жер емес

Өкінішке қарай, көптеген мектептерде таралымы жылдам интернет жоқ. Осыған қатысты  Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВТІҢ өзі де: «Республика бойынша мектептердің 98 пайызы немесе 6956-сы интернетке қосылған. Алайда, "Күнделік" жобасын тарта алатын 4 мегабитті интернет осы мектептердің тек үштен біріне ғана тартылған», – деп мойындады.

«Күнделік.кз»-тің  мұнан басқа да шикі тұстары аз емес. Естеріңізде болса, жоба іске қосылған шақта Алматы қаласындағы №61 мектептің электронды күнделік парақшасында бейәдеп фотолар жарияланып, елді бір дүрліктірген. Бұл жағдайды тексеру барысында кінә мұғалімнің мойнына жүктелді. Қалай дейсіз ғой? Информатика пәнінің мұғалімі оқушылардың логині мен құпия сөзі жазылған парақты үстелдің үстіне тастап кетіп, оны қолды еткен оқушылар әлгіндей суреттерді «Күнделік.кз»-ке жариялап жіберген. Осылайша электронды күнделіктің имиджіне көлеңке түсірген мұғалім заң алдында жауап беруге мәжбүр болды.

Осы тұста «Күнделік.кз»-ке кіру, ата-аналар мен оқушылардың жеке мәліметтерінің құпия сақталуы сынды шарттар неге сақталмады деген сұрақ сырт қалды. Ең алдымен, жеке мәліметтерін интернетке енгізу үшін Білім министрлігі мен мектеп әкімшілігі ата-анадан рұқсат сұрай ма? Өкінішке қарай, жоқ. Сонымен қатар логин, пароль де мұғалімнің қолынан өтетінін ескерсек, бұл ретте мәліметтердің құпия сақталуға тиіс екенін айтудың өзі артық. Ал осындай қолдан-қолға өткен логин, пароль және ИИН-дер алаяқтарға таптырмас олжа болуы әбден мүмкін. Бірақ министрлік пен жоба авторларына жұрттың жеке мәліметінің құпия сақталуынан гөрі, имидж аса маңыздырақ сияқты.

Сонымен «Күнделік.кз» іске қосылды, мұғалімдердің жүгі жеңілдеді ме? Осы сұраққа қатысты Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс мектебінің мұғалімі Айман САҒИДУЛЛА: «Электронды күнделік туралы министр Сағадиев : «Егер интернеті болмаса, ешкімді мәжбүрлемейді» - деген болатын. Электронды журнал толтырса, қағаз журналды толтырмай-ақ қоюға болатынын да министр айтқан еді. Өкінішке қарай, қазір екі журналды да толтырып отырмыз. Бұл өте ауыр болады екен. Қағаз журналға жабысып отырған – мектеп директорлары. Себебі мектептер әлі толық жағдаймен қамтамасыз етілген жоқ. Республикамызда әлі күнге интернет орнатылмаған мектептер бар. Көп мектептердің мұғалімдері жер асып, ел аралап жүріп электронды күнделік толтырады. Табель, қағаз журнал, қағаз есептер әлі күнге қолданыста. Қағаз журналдан электронды журналға көшіру қиындық тудырады. Ол үлкен жұмыс. Әр сыныпта интернет пен компьютер тұрмаған соң , шындығы керек, өте қиын. Бірінші, мектептің материалдық базасын дұрыстау керек»,– деп бізге пікірін білдірді.

Оқи отырыңыз
«Алаяқ» деп айыпталған ұстаз жұмысынан кетті

«Күнделік.кз» мұғалімнің жұмысын еселей түскені анық. Бұл ретте электронды күнделік жүргізу қосымша жұмыс болып табылады. Ресейде «Дневник.ру» жобасы іске қосылғанда, ұстаздардың да жалақысына үстеме ақы төлеу қолға алыныпты. Қағаз журнал үшін бюджеттен ақы төленіп, мұғалімнің негізгі міндеті саналады. Ал электронды күнделік қосылған соң, ресейлік ұстаздарға тұратын аймағына қарай, 3 мыңнан 8 мың рубльге дейін үстеме ақы төлене бастаған. Бұл мәселе Қазақстанда қалай жүзеге асуда? Әзірге еш жерде «Күнделік.кз» үшін  қазақстандық ұстаздардың айлығына белгілі бір пайыздық үстеме қосылғаны туралы айтылмайды.

Қағазбастылықтан арылтады деген күнделік мұғалімнің бітпейтін бейнетіне айналмаса игі. Себебі, электронды нұсқасын бір толтырып, сосын қағаз журналды тағы толтыру мұғалімнің жүгіне жүк қоспай ма? Онсыз да қоғамдағы саяси науқанда да, жергілікті биліктің атқарар шаруасын да иығына артқан ұстаздарымыз бала оқыта ма, жоқ қағаз толтыра ма деген сұрақ әлі де көптің көкейінде. Сондай-ақ, күнделіктің электронды нұсқасы іске қосылғанымен, оқушыларымыз әлі күнге қағаз күнделікті арқалап жүргені «Күнделік.кз»-тің шикі тұстарын айқындай түссе керек-ті.

Пайдасынан гөрі рейтингісі маңызды

«Күнделік.кз» жобасы қолға алынған тұста мұғалімдерге ғана емес, оқушылар мен ата-аналарға да салмақ түсті. Әр күн сайын сынып жетекшісі «Күнделік.кз»-ке кіруді сұрап, ата-аналарға сәт сайын хабарласуды үдетті. Сол тұста «Күнделік.кз» ең көп қаралатын сайттар тізімінде алғашқы бестікте тұр. Алайда, бұл біріншілікке сайт парақшасы мұғалімдердің ата-анаға қайта-қайта «Күнделік сайтына кіріңіз» деп хабарласуының арқасында енгені жасырын емес. «WhatsApp әлеуметтік желісінде әр баламның сынып тобы бар. Әрқайсысының мұғалімі 10-15 минут сайын «Күнделік.кз-ға кіріңіздер. Біздің мектеп рейтингтің соңында»  деп мұғалімдер хабарласты. Әлі де жиі-жиі есімізге салып тұрады. Расын айтқанда, қажет десе, әркім айтқызбай-ақ кіреді ғой», – деген алматылық  Димаш БЕКТАЛЫ электронды күнделіктің білім саласына пайдасынан гөрі, рейтингісі маңызды болғанына наразы.

Оқи отырыңыз
Мұғалімдерді ағылшын тілінде оқыту тоқтатылды

Ал күніне бірнеше рет кірудің қажеті қанша деген ата-ананың сұрағына  «мектептің рейтингісі үшін» деген жауап алынды. Сонда бұл электронды күнделік рейтинг үшін жасалды ма, әлде бала білімін ата-ана мен мұғалімнің емін-еркін қадағалауы үшін жасалды ма? Рейтинг дегенге де көз жұма қарап, балаңыздың электронды күнделігін парақтап көріңізші. Күн сайын жаңартылмайтыны бір бөлек, ең ақыры тоқсандық бағаларының өзі түгел қойылмағанын қалай түсінбек керек? Бәрі де сол баяғы даңғаза жарнама, бос ұран күйінде қалмаса екен дейсің.

Мектептерде интернет желісінің талапқа сай 4 мегабит жылдамдығы жоғы былай тұрсын, тіпті интернеті мүлде жоқ мектептер де бар. Олай болса, ең алдымен интернетпен жабдықтамай, электронды күнделік жүйесін енгізу не үшін қажет болды? Жаңа жобаны іске қосуға не себепті асығыстық жасалды? Әзірге бұл сұрақтарға тиісті мекеме басшылары нақты, мардымды жауап бермеді. Есесіне, электронды күнделік толтыра алмағандар мен толтырып үлгермеген мұғалімдер басшыларынан ескерту ала бастады.

Әзірге «Күнделік.кз» -ті пайдалану тегін. Алайда алдағы уақытта электронды күнделік бетіне кіру ақылы болмақ. Айта кетейік, электронды күнделік парақшасына тіркелгендер саны 2,9 млн. жүйені үнемі пайдаланатындары – 1,4 млн.адам. Бұл туралы жоба авторы Мұхтар ІЛИЯСОВ  informburo.kz сайтына берген сұхбатында алдағы уақытта «Күнделік.кз»-тің мобильді қосымшасын іске қосылатынын, ал бұл қосымша ақылы болатынын айтады.  Бір жылға пайдалану ақысы – мың теңге шамасында. Жоба авторы бұл соманың аса қымбат емесін алға тартады. Әрине, аса қымбат емес. Егер «Күнделік.кз» талапқа сай қызмет етсе. Ешқандай да қымбат емес, егер Қазақстанның әрбір оқушысы мен ата-анасында сайтқа емін-еркін кіре алар интернеті болса. Алайда елімізде интернет былай тұрсын, электр жарығы жоқ елдімекендер бар екенін естен шығармауымыз керек.

Фото: kundelik.kz 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.