Қаз   Рус

Енді мектеп директорлары 4 жылға тағайындалады

14137 қаралды
0
Меруерт ХУСАИНОВА
Среда, 07 Фев 2018, 16:45

Әрбір төрт жылда басшыны мектептің Қамқорлық кеңесі тағайындайтын болады

Білім және ғылым министрлігінің №619 бұйрығында көрсетілгендей, 2019 жылы білім беру мекемелерінің басшысын тағайындау қағидасы өзгереді

Осы бұйрық өз күшіне енсе, ендігі жерде мектеп директоры қазіргідей ондаған жыл бойы басшылық қызмет атқармайды.

Осыған қатысты Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ биылғы жаңа оқу жылының қарсаңында мектептегі Қамқорлық кеңесі құзіретінің кеңейтілетінін айтып: «Мен облыстағы әкімдерінен мектепте Қамқорлық кеңесін құру туралы және бұл кеңес құрамына қоғам белсенділерін, жергілікті мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдерін кіргізу туралы өтініш жасадым», -  деген болатын.

Білім саласының жемқорлық былығына батқаны жасырын емес. Мектепке жұмысқа тұру үшін тамыр-таныс жағалау, пара беру жағдайлары қалыпты үрдіске айналғаны сондай, әр аймақтағы мектепке жұмысқа тұру ставкасы да әртүрлі. Сонымен қатар мектеп директорының орны да әр аймақта әртүрлі бағаланады. Осы тұрғыдан алғанда, мектеп басшысын жиі ауыстырып тұрса, жемқорлыққа тұсау салына ма? Осы сұрақтармен бірнеше мұғалімге хабарластық.

«Басшылық қызметін пәленбай мың долларға сатып алған мектеп директоры не істейді? Әрине өзінен шыққан шығынның орнын толтыру үшін мұғалімдерді жұмысқа парамен қабылдайды. Түптеп келгенде, жемқорлық жайлаған білім саласы зардап тартып, білім сапасы да жыл санап төмендемесе, жоғарылайтын түрі жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, мектеп басшысын 4 жылға тағайындау керек деген бастама өте дұрыс. Алайда директорды Қамқорлық кеңесі тағайындайтыны көңілге күдік ұялатады»,- дейді шымкенттік мұғалім Айнұр АБДУЛЛАЕВА. 

Ал Түркістан қаласы, Молда Мұса атындағы мектептің ұстазы Света АЛПАМЫСОВА көбейткіштердің орны ауысқанымен, көбейтіндінің өзгермейтінін айтады.

«Коррупция жайлаған елде мектеп директорын тағайындаудың маңызы жоқ. Директорды 4 жыл сайын ауыстыру мәселесі ұжымда шешілуі керек.  Сырттан келген директорда жан ашу болмайды. Директорды тағайындау ережелері өзгертілгені дұрыс», - дейді түркістандық мұғалім.

Директорды кім тағайындайды, білім бөлімі ме?

Алматыдағы Көкіл мектебінің ұстазы Дәмеш ИСАХАНОВА мектеп директорын 4 жыл сайын ауыстыруды құптамайды.

Ол:«Төрт жыл сайын директоры ауысып отырған білім мекемесінде тұрақтылық болмайды, әр басшы өз командасымен келетіні айдан анық. Ал директорды білім бөлімдері таңдаса, онда өз адамдарын тағайындайды, жемқорлықтың тағы бір көзі ашылады»,-  деген пікірде.  

Шымкент қаласындағы №41 мектептің ұстазы Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ:

«Дəл қазіргі қалыптасқан қоғамдық сана жағдайында директорларды сайлау - директор мен оның айналасындағылардың өз мүдделерін іске асыруына қолайлы жағдай туғызуы мүмкін»,- дейді.

Біз сұрау салған ұстаздардың пікірі осындай. Ал директорды 4 жылға сайлау немесе тағайындау мәселесіне қатысты баласы мектепте оқитын ата-аналардың пікірі қандай? Мектеп басшысының төрт жыл сайын ауысуы баласының біліміне әсер етуі мүмкін бе?

Осы сұрақты бірнеше ата-анаға қойып едік, алған жауабымыздың жалпы жобасы мынадай болды: «Мектеп басшысын жаңартқанша, ең алдымен Білім және ғылым министрлігіне осы саланың қыр-сырын білетін маманды отырғызу керек.  Директорды ауыстыра бергеннен пайда жоқ. Одан да сауатты мамандар даярлауды қолға алу керек».  

Фото: tengrinews.kz, lada.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.