Қаз   Рус

Дауылбаевтың даулы қарсылығы

1105 қаралды
0
Инга ИМАНБАЙ
Среда, 14 Фев 2018, 10:00

Зейнеттегі шекарашы үкіметтің зейнетақысының жартысына жармасқанына наразы

«Береген қолым алаған» дейді қазақтың нақылы. Зейнеттегі ҚР ҰҚК шекара қызметі прапорщигі Ербосын ДАЛАБАЕВТЫҢ жағдайы осы нақылға сайып-ақ тұр. Әскери қызметте болып, зейнет жасына жеткенде қол жеткізген үйі, нақтырақ айтқанда үйдің құны қазір басына бәле болып жабысқан. Ол үкімет әуелде үй алуға жеті миллион теңге беріп, енді  жүз тоғыз мың теңге көлеміндегі әскери зейнетақысының жартысын қайтып алып жатқанына наразы.

Оқи отырыңыз
Заң мен бұйрық текетіресі

Далабаев Ербосын – жасының әскери жастың шегіне жетуіне байланысты зейнетке шыққан запастағы ҚР ҰҚК шекара қызметі прапорщигі. Ол 1996 жыл мен 2012 жыл аралығында Алматы облысы, Жаркент қаласының маңында орналасқан 2091 жабық әскери қалашығында әскери қызметін атқарған. Сол жабық әскери қалашықта әскерилер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған үш бөлмелі пәтерлердің бірінде оның өзі, жұбайы және үш баласы тұрған. Он сегіз жыл әскери қызметте болған ол өзі және отбасының баспанамен қамтылғанына сенімді болғанын айтады.

Ал іс жүзінде олай болмай шыққан. Жабық қалашықтағы үй жекешенлендіруге келмейтін мүлік болып танылып, зейнетке шыққан әскери бес адамнан тұратын отбасымен үйсіз қалған.

Ол үйді босатуға тура келетінін біліп Талдықорған қаласындағы әскери сотқа жүгінуге мәжбүр болған. Солай, ҚР «Тұрғын үй қатынасы туралы» заңның 101 бабы, 4 тармағына сай сот Е.Далабаевтың пайдасына шешім шығарып, оған үй сатып алуға 6 814 770 теңге көлемінде өтемақы және сот шығындарын жабу үшін 244 380 теңге, барлығы 7 059 150 теңге өндіріп берген. 2014 жылдың 14-тамызында сот шешімі шыққан. Бұл сот шешімін аппеляциялық сот, кассациялық сот бекітіп берген.

Солай Далабаевтар отбасы үкіметтен өндірген ақшаға үй алып, олардың мәселесі шешілгендей болған. Бірақ, біздің қуаныш ұзаққа созылмады дейді ол.

2015 жылдың 28-желтоқсанында бұрыңғы Бас прокурор А.ДАУЫЛБАЕВ барлық сот шешіміне №673 прокурорлық қарсылық шығарып, барлық өтемақыны үкіметке қайтару туралы шешім шығарған. Ол қарсылығына негіз етіп 2013 жылы 2-шілдеде күшіне енген 20 жылдық еңбек өтілі бар әскерилерді ғана үймен қамтамасыз ету заң нормасын негізге алған. Айта кетерлігі, прокурор қарсылығында сот шешімінің күшін жою туралы арыз Е.Далабаев қызмет еткен әскери бөлім тарапынан болғаны айтылған.

«Алайда, прокурорлық қарсылық енгізбестен бұрын заң кері күшін мойындамайды қағидасы ескерілуі тиіс еді ғой. Себебі, 20 жылдық еңбек өтілі туралы заң 2013 жылдың 2-шілдесінде күшіне енді, ал мен 2012 жылдың 2-қазаны күні зейнетке шықтым. Яғни, 2013 жылы қабылданған заңның күші маған жүрмеуі тиіс болатын. Сондықтан да, сот әділ әрі заңды шешім шығарып берді. Мен артық емес, өзіме және отбасыма тиесілі өтемақыны алдым. Ал енді екі жылдан бері прокурордың қарсылығына сай мен 109 мың әскери зейнетақымның елу пайызын, 54 500 теңгені ай сайын үкіметке қайтаруға міндеттелдім. Бұл әділетті ме?

Прокурордың қарсылығы да менен өтемақыны өндіру туралы Жоғарғы сот шешімі де заңсыз. Осыған орай менің жазбаған жерім, шағымданбаған сотым қалмады. Бірақ, бұл әділетсіздіктен құтқаратын ешкім жоқ. Әділеттілікке қол жеткізуге деген соңғы ұмтылысым ҚР Парламент депутаттарына ашық хат жаздым, ҚР Бас прокуратурасына бейбіт келісім жасасу туралы ұсыныс жасадым. Бірақ, маған құлақ асқан ешкім жоқ», - дейді Ербосын Далабаев.

P.S. Зейнеткер еш жерден әділеттілік таппай, Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі халықаралық бюроға келіп көмек сұрады. Материал оның бюроға ұсынған барлық құжаттай дәлелдерінің негізінде жасалды.

Фото: inform.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.