Қаз   Рус

Ақын: Анасы бар қазақтың – Сара Апайым!

2014 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Понедельник, 12 Фев 2018, 12:15

Ақын Балтабек Нұрғалиев Сара Назарбаеваның бүгінгі туған күніне өлең арнады

Жас ақын Балтабек НҰРҒАЛИЕВ Қазақстанның бірінші ханымы Сара НАЗАРБАЕВАҒА арнап өлең жазды. Бүгін Сара Алпысқызының туған күні. Соған орай ақын жырдан шашу шашып, Facebook.com әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына өз туындысын жариялаған.

Жиырма тоғыз шумақтан тұратын бұл шығарманы көлеміне қарай толғауға да жатқызуға болады. Бастысы ода жанры екені даусыз.

Керемет пайымыңыз – дара пайым,
Керемет пайымыңыз – дана пайым.
Туған күн құтты болсын деймін Сізге,
Анасы бар қазақтың – Сара Апайым!

Өлең осылай басталып Сара Алпысқызының жас кезінде инабатты келін болғандығыда айтылады.

Ұғынып Әлжан Әже өсиетін,
Ұғынып Әбіш Баба өсиетін.
Келін боп, көргенділік көрсеттіңіз,
Сіңіріп Тектіліктің қасиетін!!!

Сонымен қатар, Сара Алпысқызының «Бөбек қорындағы» жұмысыда жырға арқау болған.

Апатай, жүзіңізде – иманыңыз,
Көбіне кемел өмір сыйладыңыз.
Жазылсын сауап болып мәңгілікке,
Көз жасын жетімдердің тыйғаныңыз.

Автор енді бір шумақтарында тілектерін де білдіріп, өлеңіндегі алғашқы жолдағы ойын түрленте түседі. 

Болмайды ешкімнің де бір таласы,
Шынайы шабытымның шырқамасы.
Ардақты, асыл тұлға – Сара Апайым – 
ӨЗІҢІЗ – ЕЛ АНАСЫ, ҰЛТ АНАСЫ!

Балтабек Нұрғалиев осындай арнау өлеңдерімен әлеуметтік желіде танылып келе жатыр. Бұған дейін «Үрімі үзбесінші үстемдігін», (Назарбаевтар әулетіне арнау) «Әніндей Әбік әке әділеттің», «Немересі әженің Әлжандайын», «Дана қызы қазақтың-Дариғасы» атты туындыларын жариялаған. Сонымен қатар, ол Қазақстан монархиялық басқару формасына көшу керек деген ұстанымымен белгілі. Бір сұхбатында  «Бізді Назарбаевтар династиясы ғана билеу керек» деген еді. 

Айтпақшы, бүгінгі туған күн иесі 77-жасқа толып отыр. Сара Алпысқызы «Бөбек» қайрымдылық қорының негізін салушы. Достық, Барыс ордендерінің иегері. Үш қыздан сегіз немере сүйген әже.

Фото: liter.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.