Қаз   Рус

Апостроф пен аферист

499 қаралды
0
Серік ӘБІКЕН
Четверг, 21 Дек 2017, 12:30

Жаңа әліпбиді қорғаған бір ғалым болмады

«Ұлттық комиссия әзірге латын таңбасына қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ. Сондықтан газет немесе басқа жерлерде апостроф қолдануға әлі ерте». Бұл Қазақстандағы екінші адам – Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ 2017 жылдың 18 желтоқсанда Twitterге жазғаны. «Екінші адам» дейтін себебім ҚР Конституциясының 48 бап, 1-тармағында  «Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасына көшеді...» деп жазылып тұр, іс жүзінде қалай екенін құдай білсін, ал Заң жүзінде Қ.Тоқаев елдегі президенттен кейінгі құдіретті, құрметті адам.

Оқи отырыңыз
Жан жауратқан желтоқсан

Осылайша апострофты әліпбидің әлегі Тоқаевты «әу» дегізді, біраз адамды «Уау!» дегізді. Ең бірінші «Уау! Ура!» – деген А.Байтұрсынұлы институтының басшысы, осы әліпбилерді ұсынып жүрген жұмысшы топтың жетекшісі Ерден ҚАЖЫБЕК болды.  Қызық, ә?! Қазақ тіліне төніп келе жатқан апострофа..., кешіріңіздер, катастрофаны  көре тұра осыған дейін неге «Мынау болмайды!» – деп  атой салмады екен... Балақтағы үтірді басқа шығарған әліпбидің тиімсіз екенін түйсігі бар қазақ түгел айтқанда  Е. Қажыбек те, Е. ТІЛЕШОВ те «аспострофты әліпби әлі толық нұсқа емес», – десіп екіұштылау жауап беріп құтылған.

Әліпби әзірлеуге жетекшілік етіп жүр дегендердің аузын аңқитып қойып белгісіз нұсқа өтіп кетті дегеннің өзі парадокс емес пе? Мейлі, пікірлестер қатарына  Қ. Тоқаевтай «ауыр артиллерия» қосылған соң ендігі уақытта ашық майданға шығар... Мені қызықтыратыны: осы әліпбидің авторы кім? «Бұл менің нұсқам, қазаққа тән, дыбыстық талаптарға, жазуға да сай!» – деп ұрандап шыққан, қорғаған бір ғалым жоқ. Сонда ол әліпбиді президенттің алдына кім апарды, 27 қазанда шыққан Жарлыққа кім қосымша етіп тіркеді әлде тіркетті?

Жарлықты ұстап, жауапкершілік арқалап шыққан ПӘ-дегі Ә.ЖАҚСЫБЕКОВ пен М. ТӘЖИННІҢ  ана тілінде әліпби жасай алатындай қазақшаға жүйрік екеніне шүбәміз бар. Енді кім қалды? Болашақта бүкіл қазақ күліп отырып жауап іздейтін «Ғасыр жұмбағы» осы болар. Әліпби ауыстыру 2025 жылға дейін созылатын, миллион, миллиардтаған ақша бөлінетін үлкен шаруа. Осы қаржының құлағын ұстау үшін бір қу апострофты аферасын жүзеге асырмақ болды-ау? – деген жаман ой бар.  Ол итақай тірлік әлі аяқталған жоқ, сөзіңді ұзартар әліпбиден толық бас тартпай әлгінің тұзағынан құтылдым деуге болмас. Телеарналардың шекесіне, газеттердің төбесіне шығып үлгерген апострофтың «балалау» процессі тым жылдам. Әлгі аферист алақанын ысқылап отыр-ау...   

Фото: Sputniknews.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.