Қаз   Рус

Қайтқан ақшада қайыр бар ма?

142 қаралды
0
Сырым ИТКУЛОВ
Четверг, 21 Дек 2017, 09:00

Шетелдегі ұлттық компаниялардың қаражаты тиімді жұмсалуы күмән туғызады

Жуырда президент 18 отандық компанияның 12,5 млрд доллар қаржыны шетелде ұстап отырғаны туралы мәлімдеген болатын. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ "жалпыұлттық телекөпір" кезінде олардың офшордағы ақшасын елге қайтаруды талап етті еді.

Ал осы қаражат толығымен қайтқан күннің өзінде, елдің экономикасына қалай пайдасын тигізе ме? Бұл сұрақты Ratel.kz отандық сарапшыларға қойды.

Саясаттанушы Досым САТПАЕВТЫҢ ойыңша, мемлекеттік сыңайлы құрылымдар жұмысының ашықтық деңгейі өте төмен. Сол себепті, елге қайтатын ақшаның тиімді жұмсалуы күмән туғызады.

- Егер осыдан 2 жыл бұрын Елбасы тарапынан айтылған ескертулер бизнес өкілдеріне жолданса, осы жолы аса ерекше назар ұлттық компанияларға бөлінді. Аталған сома көлемі аз емес – 12,5 млрд доллар. Қазіргі күнде инвестиция  мемлекет үшін аса маңызды болып тұр. Сондықтан да, елдің экономикасына қаражат құю жағынан қарайтын болсақ, бұндай ескертулер өте орынды.

Алайда, біздің елімізде қаржының ашықтық деңгейінің төменділігі деген түсінік бар. Бұл белгілі бір «қара жәшік». Ол жәшіктің ішіндегі қаржы ресурстары жетерлік. Бірақ, оны қадағалау өте қиын. Тіпті аталған қаржы елге аман-есен қайтып келген күнде де, ол қаржының пайдалы нәрсеге жұмсалатыны екіталай.

Оның орнына, менің ойымша, бұл соманың жартысы түрлі банк депозиттеріне кетуі мүмкін. Естеріңізде болса, кезінде осындай күдікті қадамдар үшін отандық банктер талай рет жұрт сынына ұшыраған, - деді Сатпаев.

Сонымен қатар, саясаттанушы қызықты ойын алға тартты:

- Бәріміз білетіндей, 2018 жылдан бастап елімізде «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істей бастайды. Бұл орталық ашылмай тұрып, салық айлағы деген атқа ие болып үлгерді. Шетелден қайтатын ұлттық компаниялардың қаражаты осы орталыққа жұмсалады деген болжам бар. Себебі, бұл орталыққа қатысты салық деңгейі әлдеқайда төмен болғалы тұр, - деп мәлімдеді Сатпаев.

Сарапшы Расұл РЫСМАМБЕТОВТІҢ айтуынша, қаражаттың елге қайтуы мемлекетке ғана емес, ұлттық компаниялардың өздері үшін де өте қолайлы болуы мүмкін.

«Көптеген адамдардың сөзінше, Елбасының мәлімдесінен кейін мүлікті заңдастырудың жаңа лебі басталады-мыс. Алайда, заңдастыру - әрқилы түсінік. Біздің элита өкілдері ауқымды қаражаттарын шетелде ұстамауға тырысады. Себебі, әшкерелеуге түсіп, бәлеге ешкімнің қалғысы келмейді. Онымен қатар, отандық бизнесмендердің шетелдегі байланысы әлсіз, сондықтан, олардың көбісі Қазақстандағы жергілікті активтерге өздерінің шетелдік фирмалары арқылы қаржы жұмсауды көздейді.

Ал енді ұлттық компаниялардың шетелде жатқан қаражаты туралы айтатын болсақ, бұл көбінесе құнды қағаздарға салынған инвестициялар. Оларды жылдам түрде сату – құнын түсірумен бірдей. Сондықтан, тіпті ақша елге қайтқан күнде де, ол біртіндеп, ақырындап жүзеге асырылатын болады», - дейді экономист.

Оқи отырыңыз
Біз тазармай – билік тазармайды

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев ақшасын шетелге жасыратындарға шүйлігіп: 

«18 отандық компания 12,5 млрд долларды шетелде ұстап отыр. Атап айтқанда, «Теңіз Шевройл» компаниясы - 4,5 млрд доллар, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы - 3 млрд доллар, «ҚазМұнайГаз барлау мен өндіру» компаниясы - 2 млрд доллар, «Азия газ құбыры» ЖШС - 1 млрд-тан астам, «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры» ЖШС - 100 млн доллар, бұдан бөлек, «Шығыс Цемент», «Жайық Мұнай», Каспий құбыры консорциумы және тағы басқа компаниялар шетелде қыруар қаражатты ұстап келеді» деп мәлімдеме жасаған болатын.

Фото: cdn.offshorewealth.info

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."