Қаз   Рус

Қадыр ағаның көз жасы

1027 қаралды
0
Байғали ЕСЕНӘЛІ
Воскресенье, 04 Фев 2018, 16:00

Ақын Қадыр Мырзалиев бала кезінде мал қорада өмір сүрген

(Соңы. Басы  28 қантарда жарияланды).

Қадыр аға үндемей көзін сүртіп болды да.

- Мына терезені сабалаған қарлы жаңбыр бала кезімдегі бір оқиғаны есіме түсріп жібергенін көрмейсің бе. Айып етпе айналайын! Сендер ғой, өткен жолы Түркістанда менің мектептегі алған білімімнің әлі күнге дейін санамда сақталып, көнермегеніне таңырқадыңдар. Бірақ, соның сыры неде? Оны сұраған ешқайсың жоқ. Солай ма?

Cуретте: Байғали Есенәлі, Қадыр Мырзалиев.

- Солай ғой. Соны сұрағалы жүр едім... - дедім күмілжіп.

- Ендеше тыңда.

Қадыр аға терең күрсініп алып, әңгімесін жалғады.

- Оның себебі, мектепте жүріп алған білімімнің бағасы мен үшін өте қымбат болатын.

Әкем марқұм мен есімді білгелі бері сырқат болды. Ауруханадан шығып арамызда болған сәті өте сирек еді. Тіпті еміс-еміс қана есімде қалыпты. Өз дертімен арпалысқан ол байғұстың анам екеумізге баспана тұрғызып беруге шамасы қайдан келсін!? Соғыстан кейінгі қиын-қыстау кезде бізге арнап үй тұрғызып берер ағайынның да жағдайы болмаған шығар. Қысқасы анам марқұм екеуміз әркімнің қора-қопсысында күнелттік. Иә, рас! Есімде қалғаны, сиыр, қой, ешкілердің тезегінің иісі, күйіс қайырған үндері. Өйткені солардың арасында ұйықтайтынбыз. Анашым:

- Әкең әлі-ақ жазылып шығады. Сосын керемет қылып, үлкен үй тұрғызады. Әдемі есігі, әдемі терезесі бар зәулім үйде тұратын боламыз, - дейтін. Онысы мені жұбатқаны шығар.

- Анау үйдегі балалар сияқты әдемі төсегіміз бола ма? - деймін мен кәдімгідей көңілденіп.

- Болғанда қандай. Одан да әдемі төсегің болады.

- Тамағымыз да көп бола ма?

- Үйдің ішінде тамақтың түр-түрі тұрады. Ішінен таңдағаныңды алып жей бересің құлыным.

Оқи отырыңыз
Қадыр ағаның көз жасы

Сол кездегі естіген ертегімнің, болашақ арманымның ең кереметі де, биігі де Құдай біледі сол болған шығар. Анам айтқан бақытты өмірдің тезірек орындалуына ойша асығам.

- Апа!

- Әу жаным.

- Әкем қашан жазылады?

- Жазылады құлыным. Жазылады. Ұйықтай ғой.

- Тезірек жазылса екен әкем!

Тәтті қиялмен әлгі ертегімді қиялдап жатып ұйықтап кетем. Ұйықтап бара жатып анамның көзінен жылымшылап аққан жастың бетіме тигенін де сезем. Түсімде әкем тұрғызған зәулім, әдемі үйді көрем. Әкем, шешем үшеуміз нағыз жұмақта—өз үйімізде жүреміз.

Қысқасы, сол кезде бақыттың не екенін түсімде ғана сезініп, қиялымда ғана көрген екенмін. Ертесіне де сол әңгіме қайталанады. Арғы күні де сол. Бірақ, мен асықты екен деп, уақыт асыққан жоқ. Мені болашаққа зарықтырып, тағатымды тауысқан күндер кезегімен өте берді. Мен қанша күткенмен әкем ауруханадан шығып, бізге үй салып берген жоқ. Келсе де түні бойы күркілдей жөтеліп, ыңқылдап таңды атырып, ертесіне ауруханаға қайта кететін. Келген кезде үмітпен нұрланып, мәз-мейрам болып қалған көңілім, әкем қайта ауруханаға кетіп бара жатқанда қатты жабырқап қалатын. Әкемнің түріне қарап бала болсам да қиялымның ауылы тым алыста, орындала қоюы екіталай екенін сездім.

Ақыры не керек, мен мектепке сол сиырлар мен қой, ешкілердің арасынан бардым шырағым.

Қадыр ағаның үні дірілдеп кетті. Содан қысылды ма қайдам, терезеге қарап кішкене үнсіз отырып бойын тіктеді де, сөзін жалғастырды.

Оқи отырыңыз
Жігітіңіз кім?

Әкем марқұм үй тұрғызып бере алмады. Өз арманы да, ертегідей көрінген менің арманым да қайтыс болған әкемнің бейнесімен бірге сағымға сіңіп кетті. Орындалмаған, бірақ орындауға болатын арманға деген құлшыныстың әсері ме, әлде соғыс кезінде туған ұрпақтың оқуға деген құштарлығы солай ма білмеймін, әйтеуір ұстаздардың әр сөзін мүлт жібермей, жерден алтын дән тергендей оқуға өте ынталы болдым. Өте жақсы оқыдым. Сыныптастардың ішіндегі ең кішкентайы да, ең озаты да мен екем. Мектепке кетіп бара жатып артыма бұрылғанда анам марқұм жанарын жасыра жалт бұрылғанын ылғи байқайтынмын. Әркімнің ескі-құсқысын киіп, құлдыраңдап бара жатқан түріме қарап өзегі өртенетін шығар.

Бірде мынадай жағдай болды. Дәл осындай қарлы жаңбыр төпеп тұрған кез еді. Күз бе көктем бе есімде жоқ. Бір топ балалардың ең соңында шүберекке орап алған кітаптарымды қорғаштап (ол кезде пәпкі деген нәрсе түсімізге де кірмеген), қиғаштап, себелей жауған қарлы-жаңбырға арқамды беріп, кітаптарымды қорғаштап келе жатқам. Кенет, шеткі терезеден қалбаң еткен ақ киімді адамның сұлбасы көрінгендей болды. Маңайымды барласам аурухананың тұсына келген екенмін. Жаңағы терезеге білдірмей көз қиығымды салдым. Сөйтсем... Қу сүйекке айналған жүзімен әйнекке ұмсына түсіп, түрі тірі әруақтай қорқынышты адам біздерге қадала қарап тұр екен. Өзгелер онша байқай қоймады. Әлгі адам аурудың азабы бүкіл нәрін сорып алып, құр сүйекке айналдырған—менің әкем еді. Бізге үй салып беруді армандамақ түгіл әрбір атар таңы мен батар күнімен бірге тіршілік шырағы сөніп бара жатқан, бейшара күйде осы ауруханада соңғы күндерін өткізіп жатқан әкем терезеге бетін тақап мен жаққа үздіге үңіліп жылап тұрды. Жүрегім езіліп кетті. Кітабымды құшақтаған күйі, жерден басымды көтермей мен де жыладым. Әкем жаққа енді қарамауға тырыстым. Бірақ, қалай қарамассың!? Көзімнің қиығымен сығалап келем. Мен терезенің тұсына жақындап келіп, өтіп бара жатқанда әкем қабырғаға арқасын сүйеген күйі ары қарай алыстай берді. Өзімді-өзім әрең ұстадым.

Оқи отырыңыз
Ганс

- Әке! - деп айқайлағым келді. «Әкетайым» деп мойнына асылып құшақтағым келді.

- Сен жыламашы әке. Ауруыңнан тезірек сауығып кетші. Жазылшы! Зәулім үйді мен әлі саған тұрғызамын әкетай! —дегім келді. Бірақ, оның бәрі тек ойымда қалды. Онсыз да ауруы мен өзегін өртеген күйігі жанын жегідей жеп, азапта тұрған байғұсқа ондай сөздің өзі ауыр соғатынын бала болсам да түсіндім.

Әкем содан кейін көп ұзаған жоқ. Арбасқан дерті ақырында алып тынды.

Мен талай зәулім үйлерде тұрдым. Анам марқұмға да, жарым мен перзенттеріме де қолымнан келгенінше уайым-қайғысыз өмір сыйлағым келді. Әрбір қуанышқа кенлген сәттерімде әкемді есіме алушы едім. Тағдырдың менің әкеме соншалықты қатал болғанына налушы едім. Иә! Небір кездер өткен екен-ау басымыздан. Үйде жары мен перзенті, өзі ауруханада егіліп қасіреттің уын татқан жалғыз менің әкем бе еді!?

Ал, енді сөйтіп өмірмен арпалысып жүріп алған білімді естен менің шығаруым мүмкін бе?

- Мүмкін емес әрине, - деймін Қадыр ағамен келісіп.

- Бірақ сол кездегі балалардың бәрі, яғни замандастарыңыз, сіз сияқты дәрежеге неге жете алмады? Оқу-сызудан мүлде махрұм қалып, әйтеуір көптің бірі санатында өмірін өткізгендер де бар. Оқуға деген құштарлықтың арғы жағында мұратқа жеткізбей тынбайтын қайсарлық пен дарындылық болуы керек сияқты.

- Солай да шығар. Сенесің бе, жаңа терезеге қарап отырғанда қарлы-жаңбыр кезіндегі әкемнің терезе алдында егіліп тұрған сол бейнесі көз алдымнан елес беріп өтті, - деп сөзін аяқтады Қадыр аға.

Поезд Алматыға жеткенше көзім ілінбеді. Кітабын қолтықтап қарлы-жаңбырдан бетін қорғаштап томпаңдап келе жатқан кішкентай Қадыр. Оған қарап егіліп, тағдырына нала боп терезенің жақтауын әлсіз, арық жұдырығымен түйгіштеп тұрған сырқат әке, кішкентай баласын жыртық көрпемен қымтап, әлдекімнің малқорасында сиыр, қой, ешкілердің арасында күрсінгенде көкірегі өртеніп жатқан әйел көз алдымнан тізбектеліп өтіп жатты.

Сезіп жатырмын Қадыр ағам көзін жұмып жатқаны болмаса ұйықтап жарытқаны шамалы. Бір-біріміздің ойымызды бөлмейік деп, ұйықтаған болып жарты таңды атырдық.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.