Қаз   Рус

Жоғарғы сот жыныстық бопсалау құрбаны Белоусова ісін қайта қарауға жіберді

701 қаралды
0
Инга ИМАНБАЙ
Четверг, 15 Фев 2018, 16:15

Қазақстан БҰҰ шешімдерін орындауға бет алды ма?

Қазақстан Жоғарғы сотының азаматтық істер бойынша сот алқасы 14 ақпан күні Анна БЕЛОУСОВАНЫҢ ісін Астананың Сарыарқа аудандық сотына қайта қарауға жолдады. Сот алқасының төрағасы Елис ӘБДІҚАДЫРОВ судьялар 2016 жылы БҰҰ-ның әйелдерді кемсітуді тию комитеті қараған Белоусованың ісін «бұдан да кеңірек, тыңғылықты және толықтай қарау керек» деп ұйғарғанын айтты.

Еске сала кетейік, Қостанай облысы Перцовка ауылының 35 жастағы тұрғыны Анна Белоусова мектепте гардеробшы болып істеген. Оның сөзіне қарағанда, мектеп директоры одан «өзімен төсектес болуды талап еткен, әйтпесе жұмыстан шығаратынын айтқан».

Ол ұсыныстан бас тарқан Белоусовамен келісімшарт жаңа жылға ұзартылмай, ол жұмыссыз қалған. Осы оқиғадан соң ол қалалық білім бөлімі мен полицияға шағым түсірген. Алайда бұл мекемелердің ешқайсысы тергеу бастамаған, қылмысты тексеруге тырыспаған. Анна Белоусова Қазақстандағы барша соттардан өтіп, ешбірінен қолдау көрмей, 2012 жылы Адам құқығы бюросының Қостанайдағы филиалы көмегімен БҰҰ-ның әйелдердің кемсітуді тыю комитетіне арызданған.

2015 жылы Анна Белоусованың Қазақстанға қарсы ісіне байланысты, БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенция бойынша шешім шығарып, Қазақстан мемлекетіне ұсыныс жасаған болатын. Ұсыныста еңбек қатынастары кезінде сексуалды алымсақтықпен күресу үшін, Қазақстанның ұлттық заңнамасына кідіртпестен, Комитеттің № 19 жалпы ұсынысына сәйкес, халықаралық норма мен стандарттарға сай келетін жұмыс орнындағы жыныстық бопсалау анықтамасын жалпы қамтитын ұғымды енгізіп, тиімді түрде шағым жазу және қарастыру тетіктерін, құқықтық қорғау және санкциялау құралдарын енгізуді ұсынды.

Фото: time.kz, naryk.kz. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.