Қаз   Рус

Сары ит және саясат

1080 қаралды
0
Серік ӘБІКЕН
Пятница, 15 Дек 2017, 12:30

Есіме саясаттағы қожайындарының соңынан шұбырып жүргендер түсті

90-жылдардың басында әскерден оралып, өзге әлемге түскендей болдық. СССР жоқ,  жұмыс жоқ, колхоз, совхоз жоқ,  ауыл азған, жұрт тозған.  Қытайдың «Адидас» деген жаман  трикосын, бір аптада табаны қақырап түсіп қалатын ақ кроссовкасын киіп алған бозбалалар мен жігіттер қытайлық пластмасса бөтелкедегі арақты қарызға алып,  уақыт өткізеді.  Басқа ермек жоқ, клубта құлып.  Әскерден келген біздер де жинала қалып, тиын-тебен қамымен қала жаққа жиі аттанатын көп туыстың  бірінің бос үйінде карта соғатынбыз,  «әңгіме-дүкен»  құратынбыз.  Ата-ана, аға-әпкелерімізден жасырынып, қай үйде бас қосатынымызды ешкімге айтпаймыз. Ал үлкендер шарқ ұрып іздейді, өйткені олар дер кезінде шырқымызды бұзбаса түн ортасында әскерден оралған, қаны ойнап тұрған  кіл ноян тұтас ауылдың шырқын бұзамыз...  Көп өтпей жиынымыз құпия болудан қалды. Қай үйге тығылсақ та  әпкем төбемізден түсетін болды. «Жүр!» – дейді де дедектетіп әкетеді, «Тараңдар!» – дейді де тым-тырақай қуады. Үлкеннің бетіне қарайтын заман емес еді, көнеміз. Ертеңіне бірімізге-біріміз:  Түн ортасында қай үйде отырғанымызды қайдан біледі? – деп қайран қалып жүрдік. Ақыры достарым әпкемді «Комиссар Катани» деп кетті. Үйленіп, бір-бір отбасының егесі атанғанша Катаниден жасырына алмадық. Енді әйелдерің бар, солар қарап жүрсін, өңшең жүгермек, – деп із кескенді өзі қойып кетті.    Ал қалай тауып алатынының құпиясын осыдан үш-төрт жыл бұрын ғана білдім.

- Сені сары ит сатып жіберетін, – деп күледі.

- Сары иті несі?

- Мойнақ ше?

Мойнақ деген сарыала дүрегейім болған. Адал еді. Қайда барсам да ізімнен  қалмайтын, мал бақсаң қасыңда, атқа шапсаң артыңнан тілі салақтап жүретін. Тас атып қусаң да анадайдан қарап тұрып, ақыры ілесіп алатын. Сөйтіп жүріп аудандағы бір үлкен бәйгеде нөпір арасында менен көз жазып қалды... Таба алмадым.

 - Иә, Мойнақ қалай сатады?

- Сен көшеге шыққанда ол үнемі соңыңа ілесетін.  Көп жігіттен

 қорқақтап, жаныңа жуымайды, тек алыстан қарайып жүреді. Абыр-гүбірмен

байқамайсыңдар. Сосын сендер жиналған үйдің алдына барып, күтіп  жатады. Менікі түк қиын емес, көшеге шығып бір-екі рет «Мойнақ» деп дауыстаймын. Сары ит құйрығын бұлғаңдатып жетіп келеді. Біраз еркелеп тұрады да берер түгім жоғын түсінген соң келген жағына  қайта тарта жөнеледі. Соңынан ілесіп барам да төбелеріңнен түсемін...

Әпкем осыны айтқанда бәріміз рахаттана күлдік. Аңғалмыз ғой...

Есіме саясаттағы қожайындарының соңынан шұбырып жүргендер түсті. Қай пысықайдың қай маңайда жүргенін бажайлап, ол өңірде немесе мекемеде кім бастық  екенін білуге болады. Бірақ... бірақ сол бастықтың  соңынан қалмайтындар да сары иттей адал ма екен?

Фото: Vox Populi

          

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)