Қаз   Рус

Параны алмас бұрын немесе берер алдын не істеу керек

323 қаралды
0
Меруерт ХУСАИНОВА
Четверг, 25 Янв 2018, 17:30

Ұлттық бюро өкілінің нұротандықтарға берген ақыл-кеңесі

Кеше Алматыда өткен республикалық семинарда Алматы қаласы жемқорлыққа қарсы бюро департаментінің өкілі Нұрбол МЕКЕШОВ қатысушылар мен былайғы жұртты әрі-сәрі күйге түсірген. Пара алу және беру тақырыбында өз тарапынан бірер кеңес бермек болған департамент өкілі біртүрлі пайымдар жасады деп жазады informburo.kz. 

Оқи отырыңыз
Ақтөбеде шенеунік параны азсынып ренжіген

Мекешов спорттық ұйым мамандары мен «Нұр Отан» партиясының мүшелеріне жемқорлықтың құрығына қалай түспеуге болатыны туралы былайша түсіндірген:

«Мәселен, спорт және туризм басқармасының әрбір қызметкері... Сіздер қалай болғанда да әкімдікпен, министрлікпен, прокуратурамен хабарласасыздар. Алайда сіздердің хабарласқан әңгімелеріңізді біздің және ҰҚК қызметкерлері тыңдап, жазып алады. Яғни, егер сізді емес, аналардың сөйлескені тыңдалса да, сіздер де олармен бірге «прослушкада» боласыздар. Егер сіз әңгімелесу барысында «қандай да бір анықтама бер немесе мынаған рұқсат бер немесе әне бір жерге ақша бөл» деген ұсынысқа «Болды, көке, адамыңыз өзіме келсін», «Келсін, брат, сөйлесейік, кабинетім пәлен-түген» дейсіз, сосын әдеттегідей ол пәленше Иванов деген барады дейді. Осылардың бәрі тыңдалып, жазылып алынады. Сондықтан менің сіздерге берер кеңесім, телефонмен сөйлескенде, абай болыңыздар».

Мекешов мырза мұнымен тоқтамай, пара алуды әдетке айналдырғандардың ізіне арнайы прокурорлардың түсетінін де ескертуді ұмытпапты.

«Қазір жаңа заң бойынша арнайы прокурорлар да жемқорлыққа қарсы, экономикалық қылмыстарды, барлық қылмыстық іс бойынша тексеру жұмыстарын жүргізе алады. Олар да сіздердің әңгімелеріңізді тыңдап, жазып, ізіңізге түсуі мүмкін.

Биыл біздің департамент, бәлкім жаңалықтардан көрген, естіген боларсыздар, Әуезов атындағы драмтеатр директорын (Ерлан БІЛӘЛ туралы айтып отыр - автор) пара алу үстінде ұстады», - деген Мекешов осыған дейін парамен ұсталғандарды санамалап шығып, семинарға қатысушыларға экс-премьер-министр Серік АХМЕТОВТІҢ, Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан ӘБДІШЕВТІҢ, Қарағанды қаласының экс-әкімі Мейрам СМАҒҰЛОВТЫҢ қалай ұсталғаны туралы шұғыл түсірілім таспасын да көрсеткен.

Бұл жиынға Қазақстандағы жемқорлықтың тамырына қалай балта шабамыз деп желпініп келгендерді Мекешовтың мына ақыл-кеңесі қандай күйге салды екен? Телефон әңгімелерінің тыңдалатыны таңырқатты ма екен, әлде пара алу үстінде қалай абай болу керектігі ойлантты ма екен? Бұл жағы бізге, әрине беймәлім.

Десек те, басқаның емес, жемқорлықпен күрес департаменті өкілінің анау-мынауға емес, нұротандықтарға бұлай ақыл айтуының астарында не жатыр? Қазақстанда параны алушы да, беруші де нұротандықтар болғаны ма сонда? Қалай десек те, білдей бір мекеменің өкілінің пара алу, беру барысында неден сақ болуды ескерткені қызық екен. Осының өзі біздегі сыбайлас жемқорлықпен күрестің қалай жүріп жатқанының айқын көрінісі емес пе?

Фото: time.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!