Асылбек Мусин Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне діннен дәріс оқыпты
Президент әкімшілігінің бұрыңғы жетекшісі Аслан МУСИННЫҢ ұлы Асылбек МУСИННЫҢ мезгілсіз өліміне қатысты Латвияда тергеу жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды ҚазТАГ ҚР СІМ-не сілтеме жасап.
«Біз А. Мусинның Ригада қайтыс болғанын растаймыз. Әзірге тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Болған істің анық-қанығы анықталып жатыр», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі 27 желтоқсан күні.
Ratel.kz 26 қазан күні Асылбек Мусинның мезгілсіз дүниеден қайтқанын хабарлаған болатын. Қаралы хабар ең бірінші әлеуметтік желіде жарияланған. Сайтымыздың сенімді дереккөздері де тілшімізге Ригадағы қайғылы оқиғаны растаған болатын.
Асылбек Мусин өлімі туралы саясаттанушы Талғат ҚАЛИЕВ 27 желтоқсан күні Telegram-каналында жариялаған. Алдын ала белгілі болғандай марқұм желтоқсанның 23-нен 24-не қараған түні ауыр жарақаттан көз жұмған. Ол тұрғын үйдің 15-ші қабатынан құлапты.
Отыз сегіз жастағы Асылбек Мусин «Ізгі амал» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі болған. Қазақстандағы құраншылардың көсемі болып саналған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне дін жайында дәріс оқыды деген ақпарат та бар.
Асылбек Мусинның әкесі – Аслан Мусин, экономист, белгілі саяси қайраткер. Қазір зейнеткер. 2008-2012 жыл аралығында Президент әкімшілігін басқарды. Сол жылдары ұлының діни уағыздары кеңнен тарала бастады. Кейбір ақпарат көздері Аслан Мусинның жылы орнынан кетуін 2011 жылғы Жаңаөзен қанды оқиғасымен байланыстырды. 2012 жылы Есеп комитетінің басшылығына ауысса, 2014 жылы Хорватияға президенттің шешімімен елші болып кетті. Ол осы жылдың қаңтар айында зейнетке шыққан болатын. Әкесінің қызметі түскен сайын құраншы баланың аты да аз естіле бастаған.