Қаз   Рус

Ақтөбеліктер Ratel.kz арқасында сотта банктерді жеңіп жатыр

535 қаралды
0
Ратель
Пятница, 08 Дек 2017, 14:15

Несие бергенде халықты алдаған банкирлер заңсыз алынған ақшаны қайтаруда

Ақтөбе облысында несие алған халық банктерді жаппай сотқа беріп жатыр. Банкирлер қарыз шотын жүргізіп отыру үшін заңсыз алған ақшаларын қайтарып беріп жатыр. Банкирлердің заңсыз әрекеті туралы біздің сайтқа мақала шығысымен Ақтөбе қалалық сотына 800 аса шағым түскен.

Оқи отырыңыз
Банктер заңсыз пайда тауып жүр

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы қазан айында Ratel.kz-ке «Казахстанские банки незаконно наживаются на клиентах» мақала шыққан болатын. Мақалада ақтөбелік судья Айна АБДРАЕВА екінші дәрежелі банктердің несие берудегі тонау әдісі туралы айтып берген. Банктен несие алу кезінде келісімшартқа мұқият қарасаңыз, банк клиенттен ай сайын қарыз шотының қызметі үшін ақша ұстайды деген тарау бар. Бұл заңға қайшы деген болатын. 2012 жылы ҚР Ұлттық банкі барлық коммерциялық банктерге арнайы хат жолдапты. Бұл № 667/206/740  нөмірмен белгіленген хатта  қарыз шотына комиссия енгізу заң бұзушылық екені жазылған. Және заңсыз комиссия ұстау дереу тоқтатылу керектігін айтылған.  

Алайда, бұл хат еленбеді.

Несие алушыны көпе-көрнеу алдау мен банктердің заңсыз әрекеті қоғам тарапынан ашыныс туғызды. Аймақтағы банктердің филиалдары жауап ретінде Ұлттық банктің 2016 жылғы №134 мамырдағы қаулысын қайта жариялады. Ол жерде клиенттен төлемдер кезінде ұсталатын комиссия түрлері жазылған. Сонымен қатар олардың арасында қарыз шотының комиссиясы да бар.

Бас банк бір қолымен халықтың құқығын қорғаса, екінші қолымен комерциялық банктерге қарапайым халықтың қалтасына қол сұғуға рұқсат беріп отыр. Бастапқыда комиссия алуға тыйым салады, артынша екпіндерінен қайтып қалады. Банктерге жүгінетін халық санының көп екенін ескеріп, банкирлерге жаны ашыған болар.

Ratel.kz  тілшісі осы мәселеге байланысты былтыр қазан айында  Ұлттық банктің қаржылық қызметтi тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi департамент басшысының пікірін сұраған еді.

«Егер де екінші дәрежелі банктер қарыз шотын жүргізіп отырғандары үшін комиссия ұстайтын болса, несие алушы бірден бізге келулеріне болады. Біз шара да қолданатын боламыз. Банк қайтадан  заңбұзушылыққа баратын болса, әкімшілік айыппұл төлетеміз», деп жауап берген еді сол кезде  Александр ТЕРЕНТЬЕВ.

Оқи отырыңыз
Казахстанские банки незаконно наживаются на клиентах

Қаржы институттарында заңсыздық жиі қайталана беретін болса, оның жазасы ауыр. Банк өз лицензиясынан айырылып қалуы мүмкін. Содан кейін А. Терентьев банктердегі комиссиялардың күрделі мәселе  екеніне тоқталды. Себебі, кез-келген банк – ол дербес заңды тұлға, жекеменшік структура.

«Олар өз клиенттерінен банк ішінде қабылдаған кез-келген комиссияны ұстауға құқылы. Біз оған әсер ете алмаймыз. Өйткені, олар өз саясаттарын өздері жүргізеді. Тарифтерді, бағамдарды өздері белгіледі», деді ол.

Ұлттық банктің құбыла қалғаны түсінікті болды: жұрт жаппай сотқа жүгініп, заңсыз алынған ақшасын қайтарғысы келсе не болмақ? Ал бұл жерде, қисын жоқ болса да бәрі түсінікті: несие алушылардан қарыз шоттты жүргізіп отырған үшін комиссия алуға болмайды, бірақ  мүмкіндік болса неге алмасқа.

Алайда бұл жағдайға ақтөбеліктер көніп отыра бергісі келмеген. Біздің мақаламызды қолдарына алып, сотқа жаппай шағым түсірген. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылдың басынан бері 888 талап-арыз түскен. Әрбір арызға Ratel.kz сайтының мақаласы да қоса тіркелген. Шағымданушылардың талабы бір. Қарыз шотын жүргізіп отыру үшін ұсталған комиссия ақшасын қайтару.

Облыстық соттың мәліметінше, қазір түскен шағымдардың 445 қаралған. Бұл шағымданушылардың талабын судья толықтай қанағаттандырған. Бұл істерде еліміздегі барлық банктердің өз клиенттерін алдағаны анықталған. Мысалы, бір банк несие рәсімдегені үшін клиенттен 50 мың теңге алған болса, енді бірі несие төлеушіден айлық төлемінің 0,6 пайызын қарыз шотын жүргізіп отырғаны үшін ұстап отырған.

Ал, тағы бір басқа банк несие рәсімдегені үшін 214 мың теңге алған және несие сұранымын қарау үшін 46 мың ұстаған.

Сотта банкирлер заң бұзбағандары, өз әрекеттерінің дұрыстығын дәлелдеуге барынша тырысып бақты. Клиент қандай құжатқа қол қойғандарын көрді деген уәждерін де алға тартты. Тіпті, қазір елде дағдарыс деген банкирлер егер клиенттерге ақшаларын қайтарсақ әлеуметтік жағдайымыз нашарлайды деп налыды.

Оқи отырыңыз
Сотни актюбинцев выигрывают иски у банков благодаря Ratel.kz

Алайда, әзірге ақтөбелік соттар халық жағында. Соттың барлық шешімдері бір-біріне ұқсайды. Судья әрбір клиентке шамамен 50 мың мен 260 мың арасында ақша өндіріп берді. Осыған қатысты Ratel.kz тілшісі банк өкілдерінен сұхбат алғысы келген. Бірақ олар ресми сұхбат беруден бас тартты. Егер пікірімізді жарияламасаңыздар сот процесстеріне қатысты ой бөлісуге дайынбыз дейді.   

Сотта банк қызметі бірінші кезекте тұтынушылардың көңілінен шығу керектігі туралы айтылды. Несиені рәсімдеу және оны жүргізуі банктің жекелеген қызмет түрі емес. Заңда ондай қаржылық операция түрі қарастырылмаған, деп тура  Ratel.kz мақаласында жазылған сөздер сотта келтірілді.

Сонымен қатар,  сот шағымдарды қарау барысында банктерді қарыз шотын жүргізу үшін алынатын комиссияны келісім шарттан алып тастауға міндеттеді. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."