Қаз   Рус

Қадыр ағаның көз жасы

488 қаралды
0
Байғали ЕСЕНӘЛІ
Воскресенье, 28 Янв 2018, 14:00

Ақын Қадыр Мырзалиев бала кезінде мал қорада өмір сүрген

«Түркістаным Тұраным» атты саз фестивалі өтетін болып Түркістан қаласына бара қалдық. Фестиваль өтетін күндер аумағын түрлі шаралармен толтырып, іш пыстырмайтындай тығыз бағдарлама жасап қойған екен.

Cуретте: Байғали Есенәлі, Қадыр Мырзалиев.

Өйтпей ше, шақырылғандар шеттерінен республикаға танымал мәдениет пен әдебиеттің қаймақтары болса. Оның үстіне Түркістан ауданының сол кездегі әкімі Әли БЕКТАЕВ болатын. Қай жерге тағайындалса да, барған ортасын гүлдендіріп жіберетін парасатты азаматтың босқа даурықпайтынын білетіндердің бәрі де бұл шақыруды аяқсыз қалдырмай, түгел барған болатын.

Айтса айтқандай фестиваль өте керемет өтті. Байқауға ұсынылған әндер орындалып жатқан кезде де, марапаттаулар рәсімі жүріп жатқан кезде де көрермендердің соншалықты көп жиылғаны былай тұрсын, шын көңілден ықылас білдіріп дуылдата қол соғып жатқаны орталық қалаларды ойландырғандай еді. Бірақ осының бәрінен де ерекше әсер қалдырған бір оқиғаны айтқалы отырмын. Бәлкім сол сәтте осы айтқаныма куәгер болғандар болса өз ойларын қоса жатар.

Оқи отырыңыз
Жігітіңіз кім?

Байқаудағы қазылар алқасының мүшелері бастап қатысушы өнерпаздар Түркістандағы әртүрлі оқу орындарымен, мектептермен кездесулер өткіздік. Біздің еншімізге «Балуан шолақ» атындағы мектеп оқушыларымен кездесу тиген екен. Мектеп директоры шетімізден таныстырып өткен соң келген қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз өнерлерін көрсетіп дегендей кездесу барысы орнымен өтіп жатқан.

Кезек Қадыр МЫРЗАЛИЕВ ағамызға келгенде болды қызықтың көкесі. Бағана мектепке кіріп келгенде-ақ маңдайшада жазулы тұрған Қадыр ағаның өлеңін көріп бір дуылдасып қалғанбыз. Әрине Қадыр аға үшін бұл тансық емес. Қазақ елінің қай түкпіріне барса да өзінің тапқыр да, дана сөздері ұрандай болып алдынан шығып отыратындықтан болар, жымиған да қойған.

Мына жерде сөз берілгенде оқушылардың біраз сұрақтарына жауап берді де, өзінің басқа өнерпаздар сияқты ән сала алмайтынын, тіпті басқа ақындар сияқты өз өлеңін жатқа оқуға да шорқақ екенін айта келіп бір күтпеген ұсыныс тастады. Көздері мөлдіреп тірі Қадырмен кездескендеріне сенер-сенбесін білмей отырған оқушылардың пейілінен әсерленді ме, жоқ әлде өзінің сонау алыста қалған балалық шағы елес берді ме, ерекше толқыныста тұрған аға:

- Мен өзімнің мектепте алған білімімді сіздердің алдыларыңызда тексеріп көрсем қалай болар екен? Қиыншылықпен жүріп алған мектептегі білімімді өмір-бақи есімде сақтармын деуші едім. Сол сертімде тұра алдым ба екен? Айналайын мұғалім шырақтарым, маған өз пәндерің бойынша мектеп бағдарламасынан сұрақтар қоюларыңды өтінемін, мен соларға шамамның келгенінше жауап беріп көрейін.

Алғашында жым-жырт тыныштық орнады. Қадірлі қонақтардың өзі туралы әдемі әсер қалдырып, өзінің ешкімге ұқсамайтын балалық шағы туралы, өзінің осындай боларын тани біліп, талантының көзін ашқан ұстаздары туралы айта жөнелетін таптаурын әңгімелері, сосын міндетті түрде өнерін көрсетуі, әрбір кездесудің қалыптасып кеткен тәртібі. Ал, мына кісі болса оқушылардың алдында өзі емтихан тапсырмақ.

Оқи отырыңыз
Облыстан бастығымыз келіп

Сонымен не керек, қысыла-қысыла директор жаққа жалтақтай қарап оның ризашылығын алған оқытушылар кезегімен сұрақтарын қоя бастады. Қадыр ағамыз сәл ойланып есіне түсіріп алып, әлгі сұрақтарға жауап беріп тұр. Тарих, қазақ тілі, орыс тілі, география пәндері бойынша берілген жиырмадан аса сұрақтың бәріне де түгелімен жауап беріп, келесі сұрақты күтіп тұрған ағамызды мектеп директоры бастап, бүкіл мектеп мұғалімдері мен оқушылардың дуылдата соққан шапалағы тоқтатты.

Бәрінің де жанарында ерекше таңданыс пен шынайы сүйсіну бар. Бәріміз де естен танғандай күйде қалдық. Жетпістен асқан ақсақалдың сонау мектеп табалдырығында алған білімін қайта есіне түсіріп, барлық сұраққа түгелдей жауап бергені шынында да керемет емес пе?

Сол жерде бірге болған ақын, композиторлар маған ренжімес, дәл сол кездесуде атағына да атына да лайық екенін дәлелдеп, мектеп оқушылары мен ұжымына өшпес әсер қалдырған бір адам болса ол Қадыр аға еді.

Иә, феномен! Қадыр Мырза-Әлінің өмірге деген өзгеше құштарлығы мен білімге деген ыждахаттылығының сыры неде? Осы сұрақ бәрімізді де ойландырды.

Шымкенттен шығарып салушылардың артып жіберген заттарын орын-орнына жайғастырып, демімізді діттегенше біз отырған жүрдек поезд Түлкібасқа да жетіп келді. Бұл жолы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өткен «Қанеки тілім сөйлеші» атты байқаудан қайтқан бетіміз еді. Күн салқын, сыртта қар аралас жаңбыр жауып тұр. Поезд тоқтап, ысылдап-пысылдап болғаны сол еді, Қадыр аға «ауа жұтып келейін» деп далаға беттеді.

- Отырғанымыз жаңа ғой, әлі ауа тарыла қойған жоқ - деп едім, жымиып күлді де.

Әр жердің ауасы да, адамы да басқа, болмашы нәрсе кейде шабытыңды қозғайды - деді.

Оқи отырыңыз
Ганс

Поезд қозғала бергенде купеге бірақ кірді. Алаңдап отырғам. Қолында екі литрлік баклашка толы айраны бар. Өзі мәз, бір нәрсеге қатты сүйсінгені көзінен көрініп тұр. Оңтүстіктің жігіттері белгілі ғой, шығарып салушылар купемізді Алматы емес дәп бір Мәскеуге дейін еркін жететіндей етіп азық-түлікке сықап берген.

- Айран жететін еді ғой, мұны неге алдыңыз, аға?

Қадыр аға сұрағыма жауап берген жоқ. Сол мәз болған күйінде:

- Өлеңге, ақынға деген құрмет ел арасында әлі бар екен-ау! - деді сүйсініп.

Түріне қарасам, алабұртып бірнәрсеге қатты риза боп, толқып тұрған сыңайлы. Айранын үстелге қойып, төсегіне отырды. Менің таңырқап отырған түріме қарап алып, жымиып күлді де,

- Қызық болды! –деді басын шайқап. Әп-әдемі бір келіншек мені көріп аузы ашылып біраз тұрды да «Өлә-ә-ә!» дегені. Бірнәрсе болып қалды ма деп жан-жағыма қараймын. Әлгі келіншек менен көзін алар емес. Келіншектің ұясынан шыға бақырайған көзінен күдіктеніп үсті-басымды қарап шықтым. Бәрі дұрыс.

- Шынымен-ақ Қадыр Мырзалиевсыз ба?! Қадыр ақынның өзісіз бе? - дейді ол жерден жеті коян тапқандай.

- Иә, Қадырмын...Айналайын-ау не болды сонша адам көрмегендей? - деймін.

- Өлә-ә-ә, Қадыр аға, сізді бұл жерде, мұндай жағдайда кездестірем деп кім ойлаған. Өлеңдеріңізді сүйсіне оқып, кітаптарыңызды жастығымның астына жастанып жатушы едім. Өмірде кездесіп өз қолыммен шай құйып беріп, лебізіңізді тыңдасам деп армандаушы едім. Қап!

- Өкінетін түк те жоқ айналайын, әлі талай келеміз ғой. Бұйыртса шайыңды да ішерміз. Әңгімемді де тыңдарсыңдар.

Әлгі келіншек қалтасын қарманып:

- Қап! Қапелімде автограф та ала алмай қалдым-ау! - деп өкініш білдірді де, қолындағысын ұсынды.

- Ең болмаса мына айранды ала кетіңізші ағатай!

- Қой шырағым, бала-шағама нәпақа болсын деп сатып жүрген дүниеңді тегін қалай алам. Міне ақшасын ала ғой - деп едім, тіпті көзі боталай жаздады.

- Керегі жоқ Қадыр аға. Онда қапа болам - дейді.

- Айналайын-ай!

Қатты әсерленген Қадыр аға әлгі баклашкадағы айранды стаканға құйып сіміріп салып тамсанып біраз тұрды да:

- Оһ, шіркін-ай, мына айранның дәмі бөлек екен, ішіп көрші - деп толтыра құйып маған да ұсынды.

Ағаның көңілі үшін ішкен болдым. Кәдімгі айран, ерекше түгі де жоқ.

Қолына стаканын ұстап вагон терезесіне қарап өз ойымен өзі отырған Қадыр ағам кемсеңдеп, жылап-ақ жібергені. Сасқанымнан:

- Ой, аға,.. бір бөтелке айранға бола, сонша... Қап мына Түлкібастың келіншегін-ай! Сол Түлкібаста қала салмаған екенсіз, - деп қалжыңдаған болып жатырмын. Әйтеуір бір далбаса менікі...

(Жалғасы бар)

Фото: ult.kz, автордікі. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."